ЗАМАНАУИ ТӘРБИЕШІ: ОЛ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Пятница, 23 Февраль 2024 08:33Шымкентте балабақшалардың жас тәрбиешілеріне арналған форум өтті. «Ізденіс, тәжірибе, нәтиже» атты форумды қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырды.
Атаулы Әлеуметтік көмек: бұрын табысты растадыңыз, енді шығынды растайсыз
Пятница, 23 Февраль 2024 08:30Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) айналасында дау көп. Көмектің бұл түрі елімізде 2001 жылдан бастап беріліп келеді. Қазірге дейін осы көмекті алу ережесі мен жүйесі бірнеше мәрте өзгертілді. Жуырда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік салаға тағы да өзгеріс керектігін қадап айтты. Жаңа Үкіметке салаға реформа жасауды тапсырды.
Думан Таев, Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор: «ПОЛИЦИЯ – ХАЛЫҚҚА ІС-ӘРЕКЕТІМЕН ӨНЕГЕ БОЛУЫ КЕРЕК»
Пятница, 23 Февраль 2024 08:28Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін ішкі істер жүйесінің жұмысынақатысты айтылатын сын да, мін де әлі көп. Сондықтан да бұл сала соңғы жылдары реформаны жиі өткерді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев полиция қызметін жетілдіретін басым бағытты белгілеп берді. Ондағы мақсат – «жұртқа жақын полиция» қағидатын қалыптастыру. Бұл қағидат тәртіп сақшыларынан қоғамда туындаған мәселелерді азаматтармен бірлесе шешіп, тұрғындармен барынша тығыз қарым-қатынас орнатуды талап етеді. Еліміздің үшінші мегаполисінде осы қағидаттың орындалуы жайлы Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Думан Әшкенұлы Таевтан сұрадық.
ЮВЕНАЛДЫ СОТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ КЕҢЕЙТІЛДІ
Пятница, 23 Февраль 2024 08:26ҚР Азаматтық процестік кодексі мен басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Бұдан былай ювеналды соттар кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, алимент төлеуден босату, кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау мен олардың заңды мүдделері туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.
Отызында доктор атанған Ақмарал
Пятница, 23 Февраль 2024 08:25Елімізде жас ғалымдарға қолдау бұрынғыдан да күшейіп отыр. Себебі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып, өндіріс саласының өркендеуі елдегі ғылыми жаңалықтарға тікелей байланысты. Біз бүгін жас буынға үлгі ретінде небәрі 29 жасында докторлық диссертациясын қорғаған ғалым жайлы баяндамақпыз. Ол – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы Ақмарал Өтелбаева.
Ұлылардың ізі қалған орда
Пятница, 23 Февраль 2024 08:24Бірде Ленинградтың көркем аудандарының бірі Сарай жағалауында кезінде князь Владимир Алексеевичтің особнягы болған, бұл күнде Ғалымдар үйі орын тепкен әсем салонда Ресей мәдениеті мен ғылымының ғұламалары академиктер Б.Пиотровский, Д.Лихачев, ақын-жазушылар Д.Гранин, М.Дудин, суретші Б.Угаров, әйгілі дирижер Е.Мравинский іспеттес ғиззатлы тұлғалар бас қосып, қазақ халқының мәдениеті туралы пікір алысып жатқандығын байқап, әңгіме ауанына құлақ түрдім.
Өмірі де, өнері де – өнеге
Пятница, 23 Февраль 2024 08:23М.Әуезов атындағы ОҚУ ғимаратында қазақтың тұңғыш халық суретшісі атанған ұлы тұлға Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай конференция өтті. «Тума талант мұрасы» тақырыбында өткен іс-шараға ОҚУ-дің және Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттері, №2 Оқушылар сарайының бейнелеу өнері үйірмесінің мүшелері қатысты.
«ЖАСТАР ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІНЕ, МЫҚТЫ ТІРЕГІНЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК»
Среда, 21 Февраль 2024 05:05Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын алдында Мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Президентке «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары, Citix компаниясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңдеуші өнеркәсіп пен энергетика секторына инвестор тарту тәжірибесі, сондай-ақ бюджеттік процестерді оңтайландыруға арналған «eAkimat365» ақпараттық жүйесі туралы мәлімет берілді.