Шымкентте жұмыс істеп тұрған ұлттық спорт мектебі туралы ұлттық ойынның жанашырлары жақсы біледі. Мұнда қазақтың көкпар, бәйге, қыз қуу мен теңге ілу, аударыспақ, сайыс, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарының спортшылары дайындалады. Дегенмен, біз бүгін спортшыларды емес, солардың сенімді серігі – жылқылардың бапталуына тоқталсақ. Ер қанаты туралы осы мектепте 15 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Жаңабек Коляров айтып береді.

139

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні сағат 17.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

128

«Doing Business» рейтингімен бизнесті дамыту

Понедельник, 26 Ноябрь 2018 09:06

Ел болып, етек жеңін жинап, болашақтың сара жолына түсіп бой түзеп, Елбасының еңселі көрегенділікпен жоспарланған елеулі саясатының, жалынды Жолдауына негіз болған мақсат мүдделеріне сай, Қазақстан  көркейіп  өсіп, экономикалық, әлеуметтік  хал  аһуалы адымдап  алға  шықандығы баршаға  мәлім. Ел экономикасының  дамуындағы елеулі  көрсеткіштерді саралап, баға беретін, одан әрі ілгерілеуіне ықпал жасап екпіндететін әлемдік аренада беделді рейтингтердің бірегейі - «Doing Business» рейтингі.  Қазақстаннның осы  сарапталудан өтуінің  белді себептерінің бірі - қай саланың кем тұстарының дамытуда  көрсетілетін  қызмет түрінің сұрыпталуында, екіншіден, инвесторларды тарту мақсатында қолайлы  жағдай  туғызу себептерін  анықтауда қолайлы, өйткені кез-келген инвестор қаржы құймас бұрын құқықтарының қаншалықты қорғалатындығын, елдегі бизнестің дамуына жасалған қолдау, жеңілдіктерді, талаптарды анықтап барып іске кірісері белгілі.

         Осы ретте Қазақстан Республикасының аталған рейтингке қатысуы  арқылы бизнестің дамуына  қолдау  жасау  мақсатында қоланыстағы  бірқатар  заңнамларға түбегейлі өзгерістер енгізілді. Айталық, бизнесті тіркеу мәселесі бойынша келесі өзгерістер мен  жеңілдіктер  қарасытырылған:

Кәсіпорын  ашу  мақсатымен мемлекеттік  тіркеуден  өту   электронды үкімет порталы арқылы электронды нұсқада әділет органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз 1 сағат ішінде жүргізіледі;

Тіркеу барысында жарғы және тұрған орнын растайтын құжат ұсынылмайды;

Куәлік порталда кез-келген уақытта, кез-келген данада басып шығаруға болатын анықтамамен алмастырылған;

Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы тіркеу мен таратуды тіркеу   алымсыз жүргізіледі;

Бизнестің мөрі міндетті түрде болу керек деген заң талабы жойылды;

Бизнестің бастапқы жарғылық капиталы нөлмен теңестірілді;

Орта кәсіпкерлік субъектісі құрылтайшыларының арасындағы құрылтай шарт нотариалды куәландыру туралы заң талабы жойылды.

Демек, Әділет министрлігі тарапынан  бизнесті тіркеуде және қызметін кедергісіз бастауда  көрсетіліп  жатқан  жеңілдіктер  мен  қолдауда,  азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің уақыты мен қаражатын үнемдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай ақ, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнесте жол  ашу  арқылы  еліміздің экономикасын қарқындату көзделген. Келешекте де, қолданыстағы  заңнамаларға бизнесті қолдау және одан әрі дамытуға бағытталған өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу  мәселелері  талқыланып  қарастырылуда.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының бөлім басшысы

Перизат Ермаханқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Мемлекеттік қызмет көрсету

Понедельник, 26 Ноябрь 2018 09:04

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысыны­ң саясатының арқасында қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды­.

Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.

Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.

Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 

Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. 

Мемлекет басшысы Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының ар-туына, сыбайлас жем­қорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.

Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсет­кіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.

Ел Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Елбасының  айқындап берген  тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды. 

Қабылданған Заң  талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы  және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік  қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен  қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты,  олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген. Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген. Яғни, уәкілетті органға қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді  зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар  тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақытылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақытылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.

Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.

Стандарт және регламент дегеніміз не?

Стандарт дегеніміз - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.

Ал, регламент - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының бөлім басшысы

Перизат Ермаханқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2018 жылдың 26 қарашасында сағат 16:00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 10 мекенжайында өтетіні туралы хабардар етемін.

– Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы ежелгі металлургия тақырыбы ерекше қызықтырды. «Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді», дейді Президент Н. Назарбаев.

122

– «Егемен Қазақстан» газетіне Елбасының мақаласы шықты» дегенді естіп, дереу басылымның сайтын ақтардым. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқып, біздің, тарихшылардың көптен күткен тақырыбы жанданатынына қуанып отырмын.

121

ҚАЗАҚ ЕКЕНІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН

Среда, 21 Ноябрь 2018 11:59

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ" мақаласы "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ" табиғи жалғасы. Қазақ өзінің кім екенін тани түсу үшін көтерілетін сатының бір баспалдағы.

Қазақ жеті санын жақсы көреді. Құрметтейтінін, қадірлейтінін жетіге жеткізеді, болмаса, асып кеткенін жетіге сыйдырады ғой. Президент өз мақаласында бүгінгі қазақ ықылым заманнан бері қажет деп санап, күнделікті өмірінде кәдесіне жаратқан біршама дүниені жұмыр жердегі адамзат асылына балап алған рухани, мәдени, материалдық, тағылымдық дүниелерді жүйелеп, жетіге топталыпты. Ырымшыл қазақпыз ғой.

Тақымы атқа тисе, делебесі қозып, қанаты жайылатын қазақтың рухы тарихтың қай кезінен басталатын, әсіресе, қалада туып, компьютердің алдында жиі отыратын бала бірауық кітаптан оқып, мультфильмнен көріп өскені керек-ақ. Сонда ата-бабаның рухы сол балаға ауысатын шығар. Мақтаныш сезімі оянатыны анық. Үстіне "Алтын адамның" алтыннан тоқылған сауытын кигізсе, ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ сол кезде қалыптасқан өркениеттің бүгінгі дамыған елдердің ұстанымының негізінде жатқанын түсінер. Сол аталарына ұқсағысы келетін рас.

«Алтын адамның» жанында жатқан кеседегі таңба алдындағы пернетақтадағы әріптің түпатасы екенін білсе, таңданыстан көзілдірігін шешіп, «мен кімнің ұрпағы екенімді білдім» деп, атып тұрып, ұстазын құшақтар еді. Мен солай ойлаймын. Риза болып, ата-апасына тарихты ертегіге қосып айтқаны үшін көшедегі дүңгіршектен сататылатын голландық қызғалдақтан құшақ тола сыйлар еді. Сол қызғалдақтың тарихын білсе...

ҚАЗАҚ екеніме осыны жазып отырып, мақтанып отырмын.

Әбдез Рахманұлы,

«Нұр Отан» партиясының

Шымкент қаласы Қаратау аудандық

филиалы төрағасының орынбасары

Страница 3 из 270