Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақын күндері жұмысын бастайтын «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесінің дайындық жұмысымен танысты.

100835126 2537426193236998 1212566016094109696 o

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жобасын әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Мұнда қала кәсіпкерлері мен инвесторларға «бір терезе» негізінде мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады.

Бұл жоба- кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары аясында жүзеге асырылып отыр.
Фронт-офистің жұмысымен таныстырған Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев өңірлік палатаның консультанттары БЖК-2025 бағдарламасы аясында сервистік қызметтің 6 түрін ұсынатынын атап өтті.

Осы ретте, Мұрат Дүйсенбекұлы кеңседе көрсетілетін қызметтің сапасына баса назар аударуды айтып, келушілерге мемлекеттен берілетін қолдаулар туралы кеңінен түсіндіруді тапсырды. Мұнда барлық қызметтерді бір жерден алу үшін кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасалғанын айтқан палата директоры орталыққа - кәсіпкер бизнесінде туындаған сұрақтардың күрделілігіне қарамастан жүгіне алатынын атап өтті.

Кеңсе жұмысымен танысу барысында «Shymkent» ӘКК» корпорациясының басшылығы әкімге жұртшылықпен жұмыс істеу және Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін барлық қажетті жағдайлар жасау туралы тұжырымдама ұсынылды.

Корпорация басшысы Бауыржан Канкиннің айтуынша, барлық мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жасайтын мемлекеттік институттардың қызметін бір пакетке біріктіру үшін типтік жоспар қажет екенін айтты. Болашақта олар кәсіпкерлердің жобаларын құрылымдайтын болады,-деді ол.

Бұл жоба - ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы екенін айтқан қала басшысы мұнда ең бастысы кәсіпкердің уақыты үнемделіп, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырудың қолжетімділігі артады деді.

Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды.

22658735670011008 718b

Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік туады, жаңа бағыттар ашылады, цифрлық және интеллектуалдық жүйе енгізіледі.
Қала әкімі аталған тұжырымдаманы мақұлдап, жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшуді және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

– Бұл жүйе қала ішіндегі кептелістің азаюына, тұрғындардың діттеген жеріне тез жетуіне, жемқорлықтың алдын алуға, «Smart city» жүйесіне тезірек көшуге мүмкіндік береді, – деді М.Әйтенов.
Аталған концепция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлкен септігін тигізеді. Енді жүргізушілер арнайы курстардан өтіп, кондукторлардың қызметі қатаң тексерілетін болады.

Сондай-ақ диспетчерлеу арқылы автобус арасындағы жиілік сақталып, аялдамаға тоқтамайтын жүргізушілер қадағаланады. Бұдан бөлек, сауда орталықтары мен мектеп және басқа да адам көп шоғырланатын аялдамалар реттеліп, шағынаудандарға қатынау жеңілдейді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді.

100523491 2537320863247531 3911800017844699136 o

Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін зауыт полипропиленді жіптерді де шығарады. Бүгінде Қазақстан кілемдері Германия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. «Баль текстиль» кілемдері сапа жағынан Бельгия және Германия елдерінің өнімдерінен кем түспейді.

Бұдан бөлек, әкім жалпы инвестиция құны 1 миллиард 800 миллион теңгені құрайтын «Әлем БТ» ЖШС қазақстандық шұлық-тоқыма зауытына барды. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 20 миллион жұп өнімді құрайды. Ерлер, әйелдер мен балаларға арналған 200-ден астам шұлық өнімдерінің ассортиментін шығарады. Іске қосылған сәттен бастап «Әлем БТ» отандық фабрика өнімдері қазақстандық тұтынушылардың сеніміне ие болды.

Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы таза былғарыдан аяқ киім шығаратын «СП «LuxShoes» ЖШС-нің де жұмысымен танысты. Мұндағы өнімдер итальяндық технология бойынша заманауи түрік жабдықтарында шығарылады. Тауарларын жергілікті нарыққа шығаратын кәсіпорын жылына 120 мың жұп аяқ-киім шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, қала басшысы мақта иірімжібін өндіретін «Azala Cotton» фабрикасында болды.

Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті екенін айтқан әкім кәсіпорын басшыларына карантиндік шектеулерді қатаң сақтауды айтты.

Аталған аймақта бүгінгі таңда құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 630 жаңа жұмыс орындары құрылған. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ЖШС-нің аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін «B.A.E.R.» ЖШС – Дәкеден таңу материалдар өндірісі жобасының жүзеге асырылуы жоспарлануда

WhatsApp Image 2020-05-27 at 14.53.59

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaǵ» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышевтың қатысуымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинарда университет ректоры Дария Пернешқызы Қайыржан Ахметбекұлына сыбайлас жемқорлыққа қарсы университеттегі жұмыс бағыттарын таныстырып, негізгі миссияның тәрбие, адал, парасатты тұлға қалыптастыру бағытында екенін атап өтті. Мән беретін жағдай, университет «Парасат» орталықтарын ұйымдастыру туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасын алғашқы болып қолдаушылардың бірі болып табылады.
Қайыржан Ахметбекұлы вебинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау, студенттік ұйымдарды «Sanaly urpaǵ» аясына біріктіріп, салалық клубтар ретінде жұмыс жасату, «Парасат» орталықтары жұмысы бойынша республика көлемінде тәжірибе алмасу, ISO-37001 стандартын енгізуге дайындық жүргізу, қоғамдық өмірдің барлық саласында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері, сыбайлас жемқорлықты ғылыми тұрғыда зерделеу үшін дипломдық жұмыстар мен магистрлік және докторлық диссертациялар деңгейінде қарастыру, т.б.
Вебинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын алу басқармасының басшысы Н. Бауыржанұлы, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж. Сайдуллаұлы, Шымкент қаласының өзге ЖОО өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Омарұлы, университет оқытушы-профессорлар құрамыжәне «Sanaly urpaǵ» клубының төрағасы Ә. Дінислам қатысты.
Нариман Бауыржанұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың жою бойынша ұсыныстар әзірлеу, тәуекел объектілері бойынша департемент тарапынан жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
«Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Сайдуллаұлы меморандум аясында университетте «Парасат» басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Қоғамдық кеңеспен бірге дипломдық жұмыстардың қорғалу барысын тексеріп, ашықтық пен адалдық принциптерінің сақталуын бақылап отырғанын баяндады.
Вебинар ұйымдастырушысы ретінде «Парасат» басқармасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бүгіні мен перспективалық бағыттары туралы ақпараттарды, бейне материалдарды ұсынып, перспективалық бағыттарды атады.

 

Г. ДУЛАТОВА, «Парасат» басқармасының басшысы

Минералды жолақ

Қала аумағындағы орман қоры жерлеріндегі 406 шақырым алқапта минералды жолақ жыртылған. Бұдан бөлек, егістік алқаптарында 400 шақырым, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 65 шақырым және жергілікті автомобиль жолдарының бойында 315 шақырым өртке қарсы жолақ жыртылған.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу бойынша онлайн режимде өткен жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісов мәлімдеді.
– Өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары сапалы болуы үшін енін кемінде 7 метр етіп жүргізу қажет. Орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында аудан әкімдіктері тиісті елді мекендерде 527 адамнан тұратын 52 өрт сөндіру тобын құрды. Олар 94 бейімделген қосалқы техникамен, 22 өрт сөндіру мотопомпасымен және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Орман және дала өрттері орын алған жағдайда дер кезінде сөндіру үшін бір соқалы трактормен бірге 3 тонна суы бар тіркемелі бөшкелер мен 4 уақытша бақылайтын өрт сөндіру бекеттері құрылды, – деді департамент басшысы.
Бұдан бөлек, ол Шымкент қаласында өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға, ал адамдардың қаза болуы 40 пайызға азайғанын айтып өтті.
Өрт қауіпі жоғары маусымның таяп тұрғанын айтқан қала басшысы аудан қала әкімдеріне өз аумақтарында ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, Шымкенттің жаз айлары өте ыстық, өрт қауіпі жоғары өңір екеніне тоқталған әкім, өрт оқиғасы орын алған жағдайда бірінші кезекте сол ауданның басшысы жауап беретіндігін ескертіп өтті.
Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы аудан аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауды күшейтуді жүктеді.

vlcsnap-2018-02-22-10h02m30s156

Кейде адамның өз есімі өзіне ұнамай жатады ғой. Менің де есімім өзіме ұнай қоймайтын. «Неге есімімді Нұрила қойдыңыздар? Басқа есім таппадыңыздар ма? Гуля деп қойсаңыздар болатын еді ғой. Ешкімде жоқ есімді қойып ...» деп ата-анама күңкілдеп жүретінмін.
Мектеп қабырғасында әдеби кітаптарды жарыса оқитын едік. 8-сыныпта Мархабат Байғұттың «Интернаттың баласы» деген кітабы қолыма түсті. Ашып қарасам, кітаптың бірінші беті Нұрила ... деп басталады екен. Өзіме-өзім сенбей, қайта-қайта қараймын. Менің есімім кітапта жүр деген іштей мақтаныш сезімі пайда бола бастады. Оның үстіне үйдің жанында интернат бар-тұғын. Сақырлаған жігіттер таңертеңгі, түскі және кешкі асқа қатарға тұрып 1,5 шақырым жердегі қыздар жататын интернаттың асханасына баратын. Интернаттың ұл-қыздары тәртіпті, тап-тұйнақтай боп жүретін. Өз ойыммен кітаптағы кейіпкерлерді үйдің жанындағы интернатта жатып, білім алатын қыз-жігіттермен салыстыратын едім.
Бірде анам «Домалақ ана» деген шағын кітапша әкеп берді. Есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі Домалақ ананың азан шақырып қойған есімі Нұрила екенін оқып, тағы да ерекше қуандым. Солай өз есіміммен мақтанатын деңгейге жеттім.
Мектеп бітірген соң Шымкент педагогика институтының «Филология» факультетіне оқуға түсіп, сабақ кестесін қарап тұрсам,
«Мархабат Байғұт. Әдебиет теориясы» деп жазылыпты. «Интернаттың баласын» жазған жазушы сабақ береді екен, – дедім жанымдағы қыздарға.
Мархабат ағай аудиторияға кіргенде бізбен күліп амандасып, сабақты әдеттегідей әзіл әңгімемен бастады. Аты-жөнімізді, туған жерімізді сұрады. Кезек маған келгенде: «Есімім Нұрила» деп дауыстап айттым. Ағай жылы ғана жымиып қойды.
Бір күні дәріс кезінде екінші қатарда отырған Салтанат құрбым «Духи алдым. Иісін көрші. Қандай?» деп маған қарай ұзатып жіберді. Мен иіссуды алып, бір-екі сеуіп жатқанымды ағай байқап қойды. Сөйтті де «Ал әтір жаққан қыз, сабақты сен жалғастыр» деді. Әтір сеуіп, жағымды иіске тамсанып отырған мен ағайымыздың сөзінен қысылдым. Сол сабақтан кейін Нұрила есімім «Әтір жаққан қыз» деген атауға ауысты.
Жоғары оқу орнын бітіріп, Шымкенттегі №37 жалпы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бердім. «Үздік оқытушы», «Жылдың үздік сынып жетекшісі» байқауларына қатысып, жүлделі орындарға иелендім. Кәсіподақ ұйымы осы жетістіктерім үшін «Манкент» шипажайына жолдама берді. Шипажайда ем қабылдап жүргенде, Мархабат ағайды кездестірдім. Қасында Қыздаркүл апай мен немересі үшеуі демалып жатыр екен. Студенттік кезеңмен қоштасып, арада 12 жылдай уақыт өткен соң ағайым мені тани қоймады. Кейін «Әтір жаққан қызбын ғой. Нұрила деген» деп есіне салдым. Есіне түсіп, жылы жымиып, жөн сұрасты. Мүмкіндікті пайдаланып, мектепте кездесу өткізгім келетінін жеткіздім. Ағай келісті.
Демалыстан келе салысымен, мектеп директорына кіріп, кездесу өткізетінімді айттым. Қазақ тілі әдістемелік бірлестігі ақылдасып, «Төле би» дүкенінен «Қозапая» деген 50-ге жуық кітабын сатып алдық. Кітапханалардан материалдар жинақтадық. Мектептің әрбір сынып сағаты мен әдебиет сабақтарында Мархабат Байғұттың шығармаларын оқып, талқыладық. Мектептегі барлық мұғалімдер, әсіресе сынып жетекшілері қызу дайындыққа кірісті.
2003 жылы өткен кездесуге ағай Шойбек Орынбайды ертіп келді. Әдеби кеште жазушының өмірі, шығармашылығы, қызметі туралы мағыналы әңгімелер айтылды. Шығармаларынан үзінділер оқылды. Сұрақтар қойылды. Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылары Мархабат әлемімен жақсы таныс екені анық байқалып тұрды. Себебі бұл кешке мектеп ұжымы екі ай бойы тынбай дайындалған еді.
2005 жылы М.Байғұт басқаратын Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасына конкурс арқылы бас маман болып жұмысқа қабылдандым. Сөздің ашығы Мархабат ағайдың қарамағында жұмыс істеу маған оңайға соқпады. Мемлекеттік қызметші ретінде мекеменің жауапты бөлімінде жұмыс істеу үлкен жауапкершілік жүктеді.
Басшымыздың кабинетінде үнемі «Шалқар» радиосы қосулы тұратын. Ешқашан дауыс көтеріп айқайламайтын. Есесіне талапшыл әрі қатал болатын. Педагогикалық саладан мемлекеттік қызметке ауысу және ең бастысы құжат әзірлеу, жазу ресми стильге төселу біршама қиындық туғызды. Оның үстіне өмірде өз қолтаңбасы бар жазушының жазу тәсіліне икемделу тіпті күрделі болды.
Шындығында басшымыз жаңадан құрылған басқармаға жұмысқа қабылданған барлық жас мамандарды жазу-сызуды қайта үйретті. Тіпті басқарма мамандарына аптасына екі рет қазақ тілін арнайы маман шақыртып оқытты. Өзі де бізбен бірге қатар отырып, сабаққа қатысты. Бір жылдың ішінде ресми ісқағазды сауатты әзірлей алатын деңгейге жеткізді.
Ағайдың алдына қол қойғызуға құжатпен кірер алдында міндетті түрде тілдей ғана қағазды басқармадағы барлық мамандарға оқытып, кем-кетігін реттеп, өзіміз жазғандай алып барамыз. Егер ағай біз ұсынған құжатты оқып тұрып, қолына қалам немесе қызыл ручка алса, шаруаң бітті. Екі сағат дайындап, бүкіл ұжым көріп берген құжатты шимайлап, «сақал-мұртын» шығарып жөндеп беретін. Ең жаманы көзімізге жақтырмай бір қарап, қолымызға қағазды ұстатып жіберетін.
Ал егер біз ұсынған қағазға қарап отырып, қолына көк қаламсап алса, әдемілеп қол қоятынын іштей сезетінбіз.
Жөндеді, түзеді, күзеді дегенімізбен осында көп мән бар еді. Ағай қызметкерлерден жазу мәдениетінде де, сөйлеу мәдениетінде де тазалықтың сақталуын талап ететінін түсіндік.
Жазушы болмасақ та ағайдың тәлімімен ақ қағазға адал болуға икемделдік. Сауатты құжат дайындап, оны дұрыс рәсімдеуді үйрендік. Өтірік айтпауға, артылған сенімді ақтауға, жауапкершілік жүгін сезініп, тындырымды тірлік істеуге дағдыландық. Басшымыздың тәрбиесінің арқасында жағымсыз мінезіміздің біразынан айырылдық. Сол үшін бізді баулыған, білгенімен үнемі бөліскен, үйреткен, талап еткен, қажет кезде кабинетіне шақырып жеке ұрысқан ағайға тіл басқармасында жұмыс істеген мамандардың барлығы қарыздар. Әр маманмен өткізген жеке жиналысында сөзді сүйектен өткізе айтса, кейде көтермелеп, жігерлендіріп қоятын.
Кезінде ағай жөндеген қағаздарды біраз жинақтаған едім. Кейін көшіп-қонып жүріп біразын көзден таса қылдым. Егер сол шимай-шатпақ түгел болғанда бүгінде ресми құжаттардың сауаттылығына арналған көлемді әдістемелік құрал шығаруға болар еді.
М.Байғұт тапсырманы өте жүйелі де жоспарлы түрде беретін. Лездемеден кейін жауапкершілік жүгін арқалап шығатын мамандарға берілетін тапсырмалар олардың білім-білігіне қарай жіктелетін.
Өтетін іс-шаралар, көрнекі ақпараттар бойынша жүргізілетін рейдтер, мекемелер мен ұйымдарда «Тіл туралы» Заң талаптарының орындалу бойынша жүргізілетін тексерулер, дайындалатын әдістемелік құралдар бойынша жауаптыларды анықтап, барлық жұмысты басшы ретінде өзі үйлестіретін.
Ағайымыз басшы болуымен қатар 12 адамнан тұратын шағын ұжымды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеледі. Соның арқасында тілдей ғана басқармада жұмыс істеген мамандар арасында қалыптасқан жылы әріптестік байланыс бүгінге дейін әлі үзілген жоқ.
Ағай ұжымдағы барлық қызметкерлердің жиын-тойларынан шет қалмайтын. Ең ақыры мамандармен қатар сенбілікке шығып, көше тазалауға, қар күреуге атсалысатын. Әдемі әзілдерімен ауыр жұмысты жеңілдетіп тастайтын.
М.Байғұт басшы ретінде қызметтік көлікті аптасына төрт-ақ күн мінетін. Жұма, сенбі, жексенбі күндері қызметтік көлікті мүлде пайдаланбайтын. Қарапайым азамат ретінде жұмыстан шығып, сөмкесін арқалап, үйіне жаяу қайтатын. Кейде Тәуке хан даңғылындағы облыстық әкімдікте өтетін жиындарға жаяу барып келетін. Осындай ұнасымды іс-әрекеттерімен біздің бойымызға қарапайымдылық пен тазалықты жаңғыртты.
Басшымыз жұмыстан тыс уақытта шығармашылықпен айналысқанда түскі үзілісте жазу жазатын. Біз өз кезегінде жұмыстан бос уақытта ағайдың жаңа шығармаларын компьютерге жабыла теріп беретінбіз. Кейде басшымыздың жаңа қолжазбасына таласып та қалатынбыз. Бұл біздің көркем әдебиетке, жақсылыққа деген ұмтылысымыздың көрінісіндей болатын.
Ағай шығармаларын қыздың жиған жүгіндей тап-тұйнақтай жазатын. Бірнеше параққа қолмен жазылған әңгімелерді үстінен басып жөндемейтін. Бірде ағай «қолың боста теріп берерсің деп «Жас қатын» деген жаңа әңгімесін Әмірханға берді.
– Газетке шығады. Сол кезде оқисыздар, деп отырған жас маманнан әрең алып (тегі қатты біреу екен), жаңа қолжазбаны қыздар қауымы жабыла, жарыса оқып, әңгіме жарыққа шыққанша ұжым боп талқылап, талдап тастайтынбыз.
25 мамырда жазушы Мархабат Байғұт 75 жасқа толады. Тіл басқармасында жұмыс істеген мамандарға Мархабат ағай өз әкеміздей тым жақын болды. Ол бізді көркем әдебиетке, тазалыққа, ізетті болуға баулыды. Шынайы күлуге, әдемі әзілдесуге, сыпайы сыйласуға үйретті.
Қазір өзім де тіл саласына қатысты мекемеде қызмет істеп келемін. Бұл –сөз жоқ Мархабат Байғұттың мектебінен өткен, сондай ұстаздан тәжірибе сабағын алған, тәлімін үйренген өнегенің өрісі деп білемін. Бәлкім бұл менің тағдырыма оң жол ашқан арна болған шығар.
Мархабат ағайымыз бізге әрдайым тазалық пен шынайылықтың, ең бастысы көркем мінездің үздік үлгісіндей болып қала береді. Сондықтан кезіндегі тілдерді дамыту басқармасының мамандары атынан ұстазымызды мерейлі жасымен құттықтап, амандық, мықты денсаулық, отбасына бақ-береке тілейміз!

 

Нұрила Жұманова,
Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік
орталығының директоры

 

WhatsApp Image 2020-05-26 at 17.30.59

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осы орайда, Департамент басшысының орынбасарлары Т.Серікбаев және Б.Ұзынжастың, Шымкент Полиция департаменті бастығының орынбасары М.Алтаевтың қатысуымен жол-патрульдік полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өтті.
Кешкі сап түзеу барысында Талғар Серікбаев жеке құрамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысы мен осы бағыттағы алдын алу шараларына, бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мен ұжымдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі міндетіне тоқталды.

 

WhatsApp Image 2020-05-26 at 17.30.48


Өз кезегінде Бауыржан Ұзынжас жол-патрульдік полицияның жеке құрамын бұрынғы әріптестеріне қатысты айыптау үкімдерімен таныстырды. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-ның 200 бабы негізінде енгізілген ұсынулардың қорытындыларынан хабардар етті.
Оның айтуынша, қазіргі таңға дейін Полиция департаментіне заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 19 ұсыныс жолданып, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, 3 қызметкер «қатаң ескерту» алса, 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған.
Жиын барысында төтенше жағдай режимінде әрбір полиция қызметкерінің жеке жауапкершілігі туралы ескертіліп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге, адалдық, парасаттылық құндылықтарын берік ұстануға шақырды.


Шымкент қаласы бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызметі

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты- жемқорлық. Ал, теориялық аспектіден қарайтын болсақ, жемқорлықтың түрлері бар. Атап айтқанда, «саяси», «экономикалық», «халықаралық» жемқорлық пен «төменгі» жемқорлық. Яғни, «элиталық» анда-санда кездессе де, ол жемқорлықтың көлемі ауқымды болады. Ал, ең қауіпті жемқорлық – күнделікті тұрмыста кездесетін «төменгі» жемқорлық болып табылады. Олар, оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында кездеседі. Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін жемқорлық – «төменгі» жемқорлық. Сондықтан, жаңа құрылған агентіктің бірден-бір мақсаты – халық арасында, мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық індет, оған қарсы күрес міндет деп айтып  жүрміз. Ендеше, оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату.  Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста, соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз қажет.

 

 

Еңбекші ауданы бойынша МКБ - ның

«Есепке алу,талдау және ақпараттық

технологиялар бөлімінің» бас маманы

М. Абдикаримова

Страница 4 из 384