Талантты жастар – ел үміті

Пятница, 29 Ноябрь 2019 03:37

Елбасы Тұңғыш Президент Қорының лауреаттары және Қазақстанның талантты жастарымен кездесті. Кездесу барысында жас көшбасшылар Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің жетістіктері мен түрлі салалардағы жаңалықтары туралы айтып берді.

27-11-2019-fond00006

Адами капиталды дамытудың маңыздылығын айта келе, Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық дамудың заманауи қатерлері мен әлемдік трендтеріне тоқталды. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев жастарға одан әрі өсуге тең жағдай жасау үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты.

– Жастар жылы аясында талантты және қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған «Ел Yмiтi» бастамасын ұсындым. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент қоры қолға алып, мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Қазір Қор ауқымды трансформация кезеңін өткеруде. Қор білім беру, әлеуметтік даму және жастар бастамаларын жан-жақты қолдау құрылымына айналады, - деді Елбасы.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Ел Yмiтi» бастамасы аясында алдағы атқарылатын жұмыстардың маңызды бағыттарына тоқталды.

– Біз студенттердің қабілеттері мен кәсіби бағдарын анықтайтын кешенді жүйе құрамыз. 2020 жылы барлық өңірлерде оқушылардың қабілеттері мен кәсіптік бағдарын ерте анықтайтын арнайы орталықтар ашылады. Онда дарынды балалардың қабілетін диагностикалаудың үздік әлемдік тәжірибеге негізделген заманауи әдістері қолданылатын болады, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы жақын арада елордада үздік білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін болашақ мамандықтардың орталығы мен арнайы ақпараттық алаң құрылатынын айтты. Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев ауыл мектептерін қолдау бойынша жоспарланған шараларға тоқталды. Мәселен, Тұңғыш Президент Қоры бағдарламасы аясында «Мың бала» олимпиадасы ұйымдастырылады.

Нәтижесінде ауыл мектептеріндегі 1000 үздік оқушы талантты балаларға арналған «Дарын» мектептерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, арнаулы бағдарлама бойынша ауыл мектептерінің модернизациясы жүргізілетін болады. 2020 жылы бірінші кезеңде 14 мектеп таңдалады.

– Бағдарлама аясында осы мектептердің педагогтары республикалық интеллектуалдық мектептер мен жетекші халықаралық университеттерде оқытудың заманауи әдістерін меңгереді, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

888

Елбасы жас көшбасшылар тобын құру процесіне де ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті экономиканың түрлі салаларында мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

– Басты талап – үздік білім мен әлемдік жетекші компанияларда жиған тәжірибе ғана емес, сондай-ақ, топта жұмыс істеу, күрделі міндеттерге жауапкершілікпен қарау және жұмысты соңына дейін жеткізу шеберлігі. Бағдарлама бойынша іріктеуден өткен әр маман өзгерістерді басқару менеджері деңгейіне дейін оқытылады - деді Елбасы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды «Ел Үміті» бастамасын іске асыруға белсене қатысуға шақырды.

Тиімді екіжақты келісім

Четверг, 28 Ноябрь 2019 09:54

М.Әузов атындағы ОҚМУ ректоры Д.Қожамжарова қаладағы ірі кәсіпорын басшыларымен дөңгелек үстелде бас қосты. Еркін форматта өткен кездесуде екіжақты тиімді келісім жасалды. Тараптар ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды. Мақсат – бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру.

Университеттің 75 жылдығына орай жүзеге асқан шараның мақсаты – студенттерді дуалды білім беру әдісі арқылы болашақта сапалы маман етіп шығару.

Қара шаңыраққа жиналғандардың арасында «Саутс ойл» ЖШС Президенті С.Сейтжанов, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.Ескендіров, «Су ресурсы-Маркетинг» ЖШС бас директоры А.Оңғарұлы мен «Азия Трафо» ЖШС бас директоры С.Күнтуаров сынды елімізге белгілі кәсіпкерлер бар.

Кездесу барысында өндіріс орындарынан кафедра филиалдарын ашу, білім алушылардың оқу-өндірістік іс-тәжірибеден өтуі және түлектердің жұмысқа орналасуы сөз болады.

Жоғары оқу орнындағы студенттердің тек теориямен ғана шектелмей, тәжірибелі маман болуға бейімделуі университет ректорының басты назарында. Қазіргі таңда, аталмыш университет жас мамандарды жұмыспен қамту бағытында 200 ірі кәсіпорынмен тығыз байланыс орнатқан.

Өткен жылы 3900 түлек маман иесі атанса, биыл олардың саны 5 мыңға жеткен. Университет ректоры Дария Қожамжарованың айтуынша, оқуын аяқтаған түлектердің 65 пайызы жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, тәжірибе арттыру мақсатында 800-ге жуық өндіріс орындарына жолдама берілді. Екіжақты келісім аясында қолына диплом алған студенттер тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Алкоголь өнімі туралы

Четверг, 28 Ноябрь 2019 05:43

 alchocol

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен, М.Мәметова көшесінде орналасқан дүкенінде, алкоголь өнімін сақтауға және оны өткізуге тиісті лицензиясыз 1,3 млн. теңгені құрайтын, 1122 шөлмек алкоголь өнімдері анықталды.

Тексеру барысында анықталған алкоголь өнімдері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, құжаттар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған.

                                                     

Шымкент қаласы бойынша МКД

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тәуекелдер басқару жүйесі іске қосылғанын хабарлайды.

Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі, "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін өз еркімен орындауға ынталандыру, тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылауды барынша азайту мақсаттарында әзірленген.

Салық төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпаратқа 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (http://kgd.gov.kz) және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшада қол жетімді. Өзіңіздің, сонымен қатар контрагентіңіз тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататынын білу үшін, БСН немесе ЖСН енгізу жеткілікті.

Тәуекелдер басқару жүйесі бойынша толық ақпарат Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтында (http://shymkent.kgd.gov.kz) орналастырылған.

                                                                                                             

                                                                                                                              Шымкент қаласы бойынша МКД

Құрметті салық төлеушілер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін, салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енген.

Осы Заңға сәйкес, 2018 жылдың 1 қазан жағдайына болған негізгі салықтық қарызы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда, өсімпұлдар мен айыппұлдары шегеріледі.

Алайда, салықтық рақымшылық келесі санаттағы салық төлеушілерге қолданылмайды:

- мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

- жер қойнауын пайдалану;

- акцизделетін өнім өндіру;

- жеке немесе дара кәсіпкерлікпен шұғылданбайтын жеке тұлғалар.

Осылайша, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіншілігі жоқ, қаржылық қиыншылықтары бар салық төлеушілерге, қарыздардан құтылып, кәсіби жұмыстарын заң аясында жүргізуге толық мүмкіншілік береді және негезгі қарыз төленген жағдайда шағын және орта бизнес субъектілерінең мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеттілігі жоқ, өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылатындығын назарларыңызға аламыз.

Жалпы 2019 жылдың 1 қазан жағдайына 2018 жылдың 1 қараша жағдайына 417 млн.тг. құрайтын негізгі қарызын төлеген 2340 салық төлеушілердің 72 млн.тг. өсімпұлмен 471 мың тг. айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі шешімдері шығарылып өсімпұл мен айыппұл сомалары шегерілді.

Сонымен қатар, оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет.

Одан бөлек, салық рақымшылығын падалануға мүмкіндігі бар субъектілерінің шеңберін кеңейту мақсатында, ҚР ҚМ МКК-мен ағымдағы жылдың 29 тамызыныдағы «Жеке шоттарды жүргізу қағыдалрын бекіту туралы» бүйрығына келесі толықтырулар енгізілген:

-2018 жылдың қазан жағдайына салықтық текесрулер бойынша есептелген сомалары шағымдануда   болғанына байланысты, негізгі қарызы болмаған;

-2018 жылдың қазан жағдайына салықтық текесрулер нәтижелері туралы хабарламаның орындау мерзімі келмегеніне байланысты, негізігі қарызы болмаған;

-өткен жылдарға қосымша салық есептіліктерін тапсыру есебінен 2018 жылдың 1-ші қазанынан кейін негізігі бересі пайда болған салық төлеушілердің қолдануға мүмкіндігі бар.

Осылайша, «Салық рақымшылығын» пайдалануға мүмкіндігі бар субъектілерінің шеңберін кеңейту аясында ағымдағы жылдың қыркүйек- қазан айларында өткен салық кезеңдері бойынша   қосымша есептілітерін тапсыру және салықтық тексеру нәтижесінде пайда болған жалпы 223 млн.тг. құрайтын бересі сомалары төленгеніне байланысты, 71 салық төлеушінің 33 млн.тг. өсімпұл және 9 млн.тг. құрайтын айыппұл сомалары есептен шығарылған.

Салық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қалалсы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-51-87 телефон арқылы және салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.

                                                                                             

                                                                               Шымкент қаласы бойынша МКД

Құрметті автокөлік иелері!!! Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғалардың 2019 жылға көлік салығын 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. Көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

- меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

Жеке тұлға салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

Көлік салығы жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2019 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады.

Сонымен қатар, еgov.kz порталында авторизация жасамай және электрондық цифрлық қолтаңбасыз салықтарды электронды түрде төлеуге болатынына назар аударады. Ол үшін, Egov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Және де, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да kaspi.kz, homebank.kz және т.б. төлеуге болады.

 

                                                                 Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыс басқармасы

 

Отырысқа «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция депутаттары, мәслихат фракцияларының хатшылары мен жетекшілері қатысты. Кездесу барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек және партия филиалдарының өкілдері баяндама жасады. Баяндамашыларды тыңдаған соң, Елбасы «Nur Otan» партиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық мүшелерінің еңбегін атап өтті.

25-11-2019-nurotan00061 2

– «Nur Otan» біздің қоғамымыздың алуан түрлілігін көрсетеді. Біз – ел болашағына жауапты бүкіл Қазақстан халқының партиясымыз, нақты істер партиясымыз, - деді Елбасы. Сонымен қатар, Партия Төрағасы қоғамды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегінде топтастырудың және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін шаралар қабылдаудың маңыздылығына тоқталды.

Елбасы елдің барлық жетістіктері партиямен және партия мүшелерінің күнделікті жұмысымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Тұңғыш Президент, сондай-ақ, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын алға жылжытудың маңыздылығына және Үкіметтің экономиканың жекелеген салаларын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларына жеке тоқталды.

– Үкімет өңірлерді, әсіресе, ауылдарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылдады. Мәселен, 2026 жылға дейін ауылдарды қолдауға 2 триллион теңгеге жуық қаражат қарастырылып отыр. Алдағы үш жылда халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге 560 миллиард теңге бөлу жоспарда бар.

Осы жұмыстар нақты орындалатын болса, 2023 жылдың соңына қарай ауылды жерлердің барлығы сапалы ауыз сумен қамтылады, - деді партия Төрағасы.
Сонымен қатар, Елбасы «Еңбек» бағдарламасын іске асырудың болжамды нәтижелері туралы айтты.

– Алдағы екі жылда «Еңбек» бағдарламасымен шамамен 1,5 миллион адам қамтылып, 750 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 2020-2025 жылдары шамамен 1 миллион пәтер салынады, - деді
Нұрсұлтан Назарбаев. Жиын барысында партияның жергілікті жерлерде жұмыс тиімділігін одан әрі арттырудың бірқатар негізгі бағыттары аталды.

– Әр әкімнің және мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейтуіміз керек. Бүгінгі таңда барлық реформалар өңірлерді дамытуға бағытталған. Мәселен, соңғы 10 жылдың ішінде жергілікті бюджеттер 3 есеге жуық өсіп, 4,7 трлн. теңгені құрады. Бөлінген қаражаттың жұмсалуына партиялық бақылауды ұйымдастыру маңызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Төрағасы әр облыста, қалада және ауданда сайлауалды бағдарламаларын дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

– Келесі жылы өңірлерді дамытудың бесжылдық бағдарламаларын іске асыру аяқталады. Жаңа бағдарламаларды қабылдау қажеттілігі жаңа электоралдық кезеңге сәйкес келіп отыр. Сондықтан бұл бағдарламалар әр өңір бойынша мәслихат сайлауында партияның сайлауалды бағдарламасының негізіне айналуға тиіс.

«Nur Otan» партиясының Мәжіліс сайлауындағы сайлауалды бағдарламасына келетін болсақ, бұл жұмысты Саяси кеңес Бюросының мүшесі ретінде Премьер-Министр басқаруы қажет. Бұл бағдарламаны қазірден бастап дайындауға кіріскен жөн, - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге, Елбасы сапалы партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін ашық ішкі партиялық іріктеу жүргізудің маңыздылығына назар аударды.

– Әр мәслихаттағы сайлауалды партиялық тізімдерге кемінде 30% әйелдер және 20% 35 жасқа дейінгі жастар енуі керек. Сондай-ақ, тізімге халықтың түрлі топтарының өкілдері, елге оралған отандастар, мүмкіндігі шектеулі жандар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері енуге тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Елбасы тағы да партияның электоралды кезең қарсаңындағы жұмысын күшейтудің маңыздылығына тоқталды.

– Ақпан айында партия съезі өтеді. Онда біз партия жұмысын жандандырудың алдын ала нәтижелерін шығарып, алдағы электоралдық міндеттерді егжей-тегжей талқылаймыз. Қазір «Jas Otan» мемлекеттік органдармен бірлесіп 2025 жылға дейін жаңа «Жастар – Отанға» бағдарламасын әзірлеуде. Онда бүгінгі жастардың барлық сұраныстарына жауаптар көрсетіледі. Сәуір айында жаңа бағдарлама «Jas Otan» съезіне ұсынылуы қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Елбасы белсенді мүшелерді «Nur Otan» партиясының дамуына қосқан үлесі үшін «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапаттады.

Цитадельдегі қазба жұмыстары барысында үңгірлер табылды. Бұл туралы археологтар ескі қалашықтың жұмыс барысын арнайы көруге барған қала әкімі Ерлан Айтахановқа айтты.

цитадель фото

Әдеттегідей, сенбі күні шаһар басшысы Ерлан Қуанышұлы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы Цитадельге барды.

Мұнда археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде XVIII-XIX ғасырларға тиісті құнды деректер табылуда. Қалашықтан табылған жәдігерлер аспан асты мұражайына орналастырылады.

Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға жұмысты қарқынды түрде жүргізіп, өз уақытында аяқтауды айтты.

Страница 10 из 355