ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

№26

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 09.07. 2020ж.

 

 

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдесіндегі № 44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығының сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.07.2020 жылғы № 23 қаулысының күші жойылсын.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №25 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

1) 3 тармақтың 3.5 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін»;

2) 3 тармақтың 3.7 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын»;

3) 3 тармақтың 3.16 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден сағат 21:00-ге дейн жұмыс кестесімен сыртқа шығаруға немесе үйге жеткізу жүйесімен жұмыс жасап жатқан қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) жұмысына тыйым салуды»;

4) 3 тармақ келесі тармақшамен толытқырылсын: «3.28. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету».

3. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

5. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

 №25

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

04.07. 2020ж.

                                                                     

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), «Қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдесіндегі № 44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр),"Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығының сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент  қаласының аумағында 2020 жылғы 5 шілде сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 20 шілде сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына келесі талаптарды сақтасын:

2.1. қонақтардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

2.2. 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындар бойынша жүруін шектеуді;

2.3. тұратын жерінен шыққан кезде 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды;

2.4. жұмыс орнынан және кері қарай жүріп-тұруға, аулаларда және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге жеке-жеке, ал бірге қыдырғанда 3 адамнан аспайтын топтарға  рұқсат етіледі;

2.5. тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға  рұқсат етіледі;

2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барған кезде соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды.

3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етуді:

3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

3.2. сауда орталықтарында, таксиде, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;

3.3. жұмыс күндері ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 арқылы кезек брондау арқылы, «Қазпочта» АҚ-ның жұмыс уақыттары сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін, Call орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін шектелсін, ал демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салуды;

3.4. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) барлық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап, мал және автокөлік базарлары), оның ішінде көтерме сауда базарлардың жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.5. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттері, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін;

3.6. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) осы қаулыда көрсетілмеген нысандардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.7. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану орындары және үйге жеткізу немесе алып шағару режимінде жұмыс жасайтын объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

3.8. үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының және тек ашық ауада жасалынатын құрылыс жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық қызметтердің  шұғыл көмек көрсету жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, өзіне қызмет көрсететін авто жуу орындарының жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастыруды;

3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығы 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар қосымша қызметтерді (тамақтану, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсету ұйымдастыруды;

3.12. ойын-сауық, спорттық, жаттығу және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды және т.б. өткізуге тыйым салуды;

3.13. қаланың барлық спорт ұйымдарында оқу-жаттығу сабақтарына, жиындарға, жарыстарға қатысуға және өткізуге тыйым салуды;

3.14. білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың жұмысына тыйым салуды;

3.15. мектепке дейінгі ұйымдардың (балабақшалар, коррекциялық-түзету орталықтары) қызметіне тыйым салуды;

3.16. сыртқа шығаруға немесе үйге жеткізу жүйесіне ауыстырылып, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден сағат 21:00-ге дейін белгілей отырып, ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) орналасқан жеріне қарамастан жұмысына тыйым салуды;

3.17. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін СПА-орталықтардың, тренажер залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық спорттық алаңдардың, спорттық үйірмелердің, секциялардың, бассейндердің, аквапарктердің, жағажайлардың, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысына тыйым салуды;

3.18. аттракциондардың барлық түрлерінің, оның ішінде ашық алаңда орналасқан  алаңшаларының жұмысына тыйым салу;

3.19. көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салуды;

3.20. барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) жұмысына тыйым салуды;

3.21. қаланың барлық спорт нысандарының жұмысына тыйым салуды;

3.22. барлық діни бірлестіктердің нысандарына (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) келушілер мен дінге сыйынушыларға баруды  тоқтатуды;

3.23. үйге жеткізу және сыртқа шығару режимінде жұмыс істейтін нысандарды қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысына тыйым салуды;

3.24. бөлек орналасқан өзіне қызмет көрсету автожуу орындарын қоспағанда, авто жуу нысандардың жұмысына тыйым салуды;

3.25. сауда–ойынсауық орталықтарының, сауда үйлерінің сауда желілерінің, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және жазғы террассалары мен жеке есігі бар стационарлық тамақтану объектілерін қоспағанда, кызметіне тыйым салу;

3.26. кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салуды;

3.27. Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автобекеттердің, жолаушылар тасымалдау қалааралық қатынастардың жұмысына тыйым салуды.

4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына:

4.1. жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) толтырылуы 50% аспайтын қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын;

4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырсын;

4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен қамтуды қамтамасыз ету және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізуді қамтамасыз ету;

4.4. мердігер ұйымдардың қоқыстарды күнделікті шығаруы, қоқысқа арналған контейнерлерді тазалау және дезинфекциялау, оларды жуу бойынша талаптарды орындауын және контейнерлерге арналған алаңдарды таза ұстауды бақылауды ұйымдастырсын.

5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету;

5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, ғимараттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);

5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;

5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ 2020 жылғы 25 маусымдағы        №43-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізу;

5.5. барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету.

6. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз ету;

6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, Шымкент қаласының аудан әкімдері қабылданған шектеу іс-шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

8. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

11. Осы қаулы 2020 жылғы 5 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

№24

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

01.07. 2020ж.


 

 

Карантин кезеңінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру кезінде короновирустық инфекция СOVID-19-дың және жіті респираторлы вирустық ауруы таралуының алдын алу, Шымкент қаласының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті (бұдан әрі - Департамент), Департаментке қарасты аудандық Басқармалары, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» Шымкент қаласының фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы және фармацевтиқалық қауымдастығы, бірлесіп мониторингтік тобын құрсын.

2. Мониторингтік топ Шымкент қаласы дәріханаларында дәрілік заттардың болуына күн сайын мониторинг жасасын.

3. Мониторинг 56 дәрілік заттардың сауда атауы бойынша №1 Қосымшаға сәйкес жүргізілсін.

4.Шымкент қаласының дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық қызмет субъектілері, дәрілік заттардың өндірушісі «Химфарм» АҚ күн сайын сағат 17.00-ге дейін дәрілік заттардың болуы және жоспарланған жеткізілімдері туралы ақпарат туралы Департаментке ақпарат берісін. Дәрілік заттардың сауда атаулары болмаған жағдайда №1 Қосымшаға сәйкес басқа сауда атауларымен дәрілік заттардың аналогтары бойынша ақпарат ұсынылсын.

5. Шымкент қаласының дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық қызмет субъектілері Шымкент қаласының әкімшілігі, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» Шымкент қаласының фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы және фармацевтиқалық қауымдастығымен бірге дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы түзілген 24.06.2020 жылғы Меморандумға сәйкес бір қолға босатылатын рецептсіз дәрілік заттардың санын емдеу курсына шектесін және рецепт арқылы босатылатын дәрілік заттарды рецептілері бойынша емдеу курсына босатылсын.

6.Шымкент қаласының дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық ұйымдары ҚР ДСМ 2019 жылдың 15 шілдедегі «Дәрілік заттардың саудалық атауы бойынша бөлшек және көтерме саудада шекті бағаларды бекіту туралы» №104 бұйрығына сәйкес көтерме және бөлшек саудадағы бағаларды қатаң ұстанып, ҚР ДСжӘДМ 2015 жылғы 14 қыркүйектегі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» №713 бұйрығының талаптары сақталсын.

7. Осы Қаулының міндетті түрде орындалуын Шымкент қаласының дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізумен айналысатын фармацевтикалық қызмет субъектілерде және дәрілік заттардың өндірушісі «ХИМФАРМ» АҚ-да қамтамасыз етілсін.

8. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

9. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы Қаулының орындалуын бақылауды департамент басшысының орынбасары Л.Р.Кашкымбаеваға жүктелсін.

11. Осы қаулы 2020 жылдың 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

№23

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 01.07. 2020ж. 

                                                                     

 

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр) сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 01 шілдесінен бастап 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
  2. автосалондар, азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер, ойын-сауық орталықтары (оның ішінде орналасқан азық-түлік желілерді қоса), сауда орталықтары, сауда үйлері;
  3. кезекті болдырмау мақсатында алдын ала жазылумен химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілем тазалайтын объектілер, техниканы, киім, аяқ киім жөндеу шеберханалары, ателье.
  4. барлық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап, мал және автокөлік базарлары), оның ішінде көтерме сауда базарлары;
  5. сауда базарлары үшін демалыс күндері (сенбі немесе жексенбі) санитариялық күн болып белгіленсін.
  6. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына:
  7. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету;
  8. қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);
  9. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;
  10. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізу.
  11. барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету.

2.     Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңіндеқызметі тоқтатылсын:

2)     Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, барлық спорттық нысандардың (фитнес-орталықтары, барлық жабық спорттық алаңдар, тренажер залдары, спорттық бассейндер мен кешендер, үйірмелер, секциялар);

3)     мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдардың (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер және басқа);

4)     әсемдік салондар, шаштараздар, маникюр бөлмелерінің;

5)     компьютер клубтар, бильярд, букмекерлік нысандардың;

6)     монша кешендері, қоғамдық моншалар, SPA-салондар, массаж бөлмелері, сауналардың;

         7) үйге жеткізу режимінде жұмыс істейтін нысандарды қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің;

8)     бөлек орналасқан өзіне қызмет көрсету автожуу орындарын қоспағанда, авто жуу нысандардың;

9)    кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің;

10) көше форматында столдары ашық алаңда орналасқан қоғамдық тамақтандыру орындарды, немесе үйге жеткізу режимінде жұмыс жасайтын нысандарды қоспағанда барлық қоғамдық тамақтану орындарының.

3. Шымкент қаласы әкіміне, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысына, Шымкент қаласының полиция департаменті бастығына, мемлекеттік мекемлердің және үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне қамтамасыз ету:

1)   спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;

2)   кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;

3)   діни объектілердің қызметіне тыйым салуды;

4.     Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

5.     Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) барлық қызмет көрсететін нысандардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын, оның ішінде:

6. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын:

7. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану орындары және үйге жеткізу режимінде жұмыс жасайтын объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын.

8.   Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттері, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін.

9.   Қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарына, оның ішінде жиі баратын орындарына, жаяу серуендеу орындарына (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар, спорттық алаңдарына және туристтік орындарға баруға тиым салынсын.

10. Қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

1)   медициналық ұйымдар, дәріханалар, процедуралық бөлмелер, коммуналдық қызметтер;

2)   АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендер, ТҚО, шиномонтаж, өзіне қызмет көрсететін авто жуу орындары.

1) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07.00-ден 11.00-ге дейін және сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын;

2)    адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырсын;

3) қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен қамтуды қамтамасыз ету және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізуді қамтамасыз ету;

4)    мердігер ұйымдардың қоқыстарды күнделікті шығаруы, қоқысқа арналған контейнерлерді тазалау және дезинфекциялау оларды жуу бойынша талаптарды орындауын және контейнерлерге арналған алаңдарды таза ұстауды бақылауды ұйымдастырсын.

12.   Шымкент қаласының әкіміне,мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, ұлттық компаниялар және офистер басшыларына қызметкерлерінің 80% - ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда).

13. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласының әкімдігі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 80% қызметкерлерін қашықтықтан жұмысқа көшіру талаптарының орындалуын бақылауды ұйымдастырсын және жүзеге асырсын.

14. Шымкент қаласының тұрғындарына, қонақтарына және органдар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарына:

1) бетперде режимін сақтау, соның ішінде жұмыс және қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және басқа орындарда;

2) қонақтардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

3) аса қажеттіліксіз қалада жүру шектелсін.

15. Шымкент қаласы полиция департаментіне:

1)Шымкент қаласының тұрғындарымен, қонақтарымен және органдардың, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды ұйымдастыру;

2) халық көп жиналатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру;

3) бұзушылық анықталған жағдайда жауапты тұлғаларды нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауапкершілікке тарту.

16. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

         17. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы:

1)    өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз ету;

2)     карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес объектінің қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

18. Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, Шымкент қаласының аудан әкімдері қабылданған шектеу іс-шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

19. Аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының басшыларына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне, Шымкент қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты Шымкент қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 2020 жылғы 07 шілдеге, бұдан әрі апта сайын әр жұма күніне ұсынылсын.

20. Күші жойылды деп танылсын:

1) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10.05.2020 жылғы №17 қаулысы;

2) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 24.05.2020 жылғы №18 қаулысы;

3) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.05.2020 жылғы №19 қаулысы;

4) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 07.06.2020 жылғы №20 қаулысы;

5) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 19.06.2020 жылғы №21 қаулысы;

6) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23.06.2020 жылғы №22 қаулысы;

21.Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

22.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

23.Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

24. Осы қаулы 2020 жылдың 01 шілдесіненбастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

№22

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

23.06. 2020ж. 

                                                      

 

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 13 - тармақшасына, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №37-ПГВр) (енгізілген өзгерістермен толықтыруларды ескеріп) сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.    Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпкерлік субъектілеріне және Шымкент қаласының тұрғындарына:

1) мектепке дейінгі ұйымдардың (балабақша, коррекциялық - түзеу орталықтары) қызметі тоқтатылсын;

2) қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарына, оның ішінде жиі баратын орындарына, жаяу серуендеу орындарына (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық аландарына және туристтік орындарға баруға тиым салынсын;

3) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) Шымкент қаласының аумағында қызмет көрсетуге рұқсат етілген барлық объектілердің (қызмет көрсету саласында соның ішінде фитнес, моншалар, сауналар, SPA - салондары және тағы басқа, сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар және тағы басқа сату дүңгіршектері, қаржы саласында және басқа да қызмет салаларында) жұмыс уақыты сағат 10:00 -ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылсын, басқа көрсетілген жағдайларды қоспағанда;

4) жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сауда базарларының (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап оның ішінде мал және автокөлік базарлары) жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

5) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) көтерме сауда базарларының жұмыс уақыты сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмысы тоқтатылсын;

6)  жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін;

7) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) қоғамдық тамақтану объектілерінің (асханалар, кафелер, мейрамханалар, кулинариялар) жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмысы тоқтатылсын;

8) медициналық ұйымдар, дәріханалар, коммуналдық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істейді;

9)  сауда базарлары үшін демалыс күндері (сенбі немесе жексенбі) санитариялық күн болып белгіленсін.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

  1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №21 қаулысы 3 тармағының 5, 6 тармақшалары алып тасталсын;
  2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №21 қаулысы 4 тармағының 1 тармақшасы келесі редақцияда жазылсын: «шикі заттарды дайындау технологиясын сақтай отырып, жұмсақ балмұздақ сататын объектілер, оның ішінде сусындар, фасфудтар, піскен өнімдерді сататын дүңгіршіктері»;
  3. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №19 қаулысы 1 тармағының 7 тармақшасы, 3 тармағы алып тасталсын;
  4. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №17 қаулысы 3 тармағының 23, 24 тармақшалары, 4 тармағының 2 тармақшасы, 7 тармағының 1 тармақшасы алып тасталсын.

3. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы:

1)   өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз ету;

2) карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес объектінің қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

4. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

5. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

6.   Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

7.   Осы қаулы 2020 жылдың 23 маусымынанбастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

№28

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

23.07. 2020ж.

                                                         

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қатаң карантиндік шектеу шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдесіндегі №44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №25 қаулысынның3 тармағы 3.3. тармақшасы өзгертіліп мынадай редакцияда жазылсын «жұмыс күндері ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылы жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, Call орталықтарының және «Қазпочта» АҚ-ның жұмыс уақыттары сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін шектелсін, ал демалыс және мереке күндері жұмыс істеулеріне тыйым салуды».
  2. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
  3. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

WhatsApp Image 2020-07-24 at 17.50.14Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы Шұбар елдімекенінде 1939 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген.
1961 жылы Мәскеудің химиялық машина жасау институтын, 1968 жылы Мәскеу қаласындағы Инсекторунгиицидтер мен тыңайтқыштар ғылыми- зерттеу институтының аспирантурасын бітіріп, «Бейорганикалық заттардың технологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан. 1984 жылы Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтында «Фосфор өндірісіндегі фосфор, фтор және күкірт құрамды газдарды айыру жолдары» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
1968-1989 жылдар арасында Ш.Молдабеков Қазақ химия-технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1975-1980 жылдары институттың ғылыми істер жөніндегі проректоры, 1980-1987 жылдары ректоры болды.
Ш.Молдабековтің экологиялық мәселелерді шешу жолдары мен табиғат ресурстарын игеру тәсілдері сараптамадан өтіп, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Украинаның түрлі химиялық кәсіпорындарында өндірістік қолданысқа енгізілген.
Ш.М.Молдабековтің жетекшілігімен 30 шақты кандидаттық, 10-ға тарта докторлық диссертация қорғалды. Ғалым - 350 ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монографияның, 5 оқулық пен оқу құралының, 80 өнертапқыштық жаңалық патентінің авторы атанды.
Техника ғылымының докторы, ҚР ИА академигі, ХИА корреспондент мүшесі, ҚР ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлының дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымы

6309159b-f584-4187-ae0e-5fa364828112

Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Саяхатты дамытудың алғышарты не десеңіз, әлбетте, туризм саласында насихатты күшейту екеніне талассыз келісесіз. Әсіресе, ғаламтордағы видео, фотосуреттер арқылы туған жердің көрікті келбетін, туризмге қолайлы табиғаты мен саяхатқа шақыратын шырайлы жерлерін үгіттеуге мүмкіндік мол.
4444Шымкент қаласының туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында туризм басқармасының шақыртуымен қалаға National Geographic және New York Times журналдарының танымал фотографы Джордж Штейнмец келді.
Джордж қаланың негізгі туристік нысандарының, атап айтқанда Ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы, Тәуелсіздік саябағы, Қошқар ата өзені, Бәйдібек би ескерткіші мен этноауыл, Арбат пен Абай саябағы секілді көрікті орындардың фототүсірілімін жүргізді.
Енді мегаполис тұрғындары танымал кәсіпқойдың объективі арқылы шаһардың сұлулығын құс самғайтын биіктерден түсірілген бейнеде тамашалай алады.
Фотосуретші Қазақстанның оңтүстігі туралы шығармаларын миллионнан астам жазылушысы бар Instagram парақшасында және өзінің жеке веб-сайтында жариялауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар суреттер National Geographic және The New Yorker сияқты беделді бұқаралық ақпарат құралдарында шығады деп күтілуде.
Алдағы уақытта, пандемиядан кейінгі кезеңде Штейнмец түсірген суреттер Қазақстанның өзге өңірлерінде қала туралы фотокөрме өткізуге негіз болмақ.

Страница 13 из 409