ҚАНДАЙ ҰН ТҰТЫНЫП ЖҮРСІЗ?

Среда, 21 Сентябрь 2022 05:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 915 раз

Бүгінгі күні Шымкент қаласының барлық ұн тарту зауыттарында темір тапшылығы анемиясының алдын алу мақсатында фортификацияланған ұн әзірлейді. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес ел аумағында сатылатын жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны құрамында темір бар дәрумендер, минералдар және басқа да заттармен байытуға (фортификациялауға) жатады.

 

Көптеген елдерде жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнын жетіспейтін компоненттермен байыту темір тапшылығы анемиясының алдын алу әдістерінің бірі ретінде қолданылады. Бұл әдіс – арзан, жылдам және тиімді. Фортификация кезінде ұн құрамындағы витаминдер мен минералдар қайтарылады. Өйткені олар жоғары және бірінші сұрыпты ұнды өндіру кезінде жоғалады, ал қосылған элементтер тағамдық қасиеттерді арттырады.Бірақ ол ұнның түсіне, дәміне, иісіне әсер етпейді.
Адамның денсаулығына қауіпті аурулардың бірі – тағамдағы темір және фолий қышқылының жетіспеушілігі себебінен болатын теміртапшылығы анемиясы.
Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды жиірек босанады, шала туу, күтпеген түсік қаупі артады. Ересектерде жүрек-тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа жүйелердің функциялары бұзылады. Күш-қуат пен төзімділіктің әлсіреуінен жұмыс істеу қабілеттілігі төмендейді. Жас балалардың дене бітімі дұрыс жетілмейді және имммунитеті әлсіреп, індетке қарсы күші нашарлайды.
Темір тапшылығы анемиясының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті асқа фортификацияланған ұнды пайдалануды ұсынады.

Ш.КӨКЕБАЕВА,
Шымкент қаласы СЭБД жетекші
маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.