ЖАРНАЛАРДЫ ҚАЙТАРА АЛАМЫН БА?

Среда, 21 Сентябрь 2022 05:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 162 раз

Егер МӘМС-ке жарнаны төлеу кезінде қате жіберіліп, жүйеде көрінбесе жарна қайтарылады. Сондай-ақ егер сіз жеңілдікке ие азаматтар санатында болсаңыз, жарнаны қайтарып алуға болады. Өйткені, мұндай санаттағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді.

 

Басқа жағдайларда төлем қайтарылмауы мүмкін. МӘМС-ке төленетін жарналар мен аударымдар түсетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мынадай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тарта алады:
- Өтініште қаржыны қайтаруға қисынсыз себеп жазылған кезде;
- Өтінішке қоса берілген құжаттар толық болмаған жағдайда;
- Ақшаны қайтаруға негіз жоқ болса.
Төлемді қайтару уақытша тоқтатылған немесе жойылған жеке кәсіпкерлерге ресімделеді, ал ақпараттық жүйелерден әлгі жеке кәсіпкердің жұмыс істеп тұрғаны туралы деректер келеді. Мұндай жағдайда жарна қайтарылмайды.
ҚР аумағына уақытша тұруға келген шетел азаматы (шетелдіктердің отбасы мүшелері) МӘМС үшін қателесіп төлем жасаса ақшаны қайтаруға өтініш қалдыра алады. Осы және өзге де мәселелер бойынша 1406 колл орталығына қоңырау шалуға болады.

Мухаббат Тұрғынбаева,
Шымкент қалалық №10 емхананың бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.