Еңбекші аудандық сотында үкім шықты!

Пятница, 23 Сентябрь 2022 10:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1073 раз

Еңбекші аудандық сотында құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

 

20.09.2022 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында «Е» есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-тің 300-бабы 1-бөлігімен, яғни өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Басты сот отырысында «Е» есімді азамат 2022 жылы сәуір айының аяғында Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында қағазға оралған хош иісі бар есірткі затына ұқсас дәнді тауып алып, қызығушылық танытып үйінің ауласында табиғи өсімдіктердің арасына егіп, 2-3 күн сайын суғарып, топырағын қопсытып, өсіріп, күтім жасап жүргенін, 2022 жылдың 28 маусымында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ учаскелік полиция инспекторы оның үйінің баубақшасының шетінде егіп өсірген екі дана есірткі затына ұқсас затты анықтағанын көрсетті.
Сотта сотталушының кінәсі толық өз дәлелін тауып, соңғының өз кінәсін толығымен мойындап, шын жүректен өкініш білдіруіне байланысты, сот алты ай мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Осы ретте қала тұрғындарының назарына құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын жеткіземіз.

Еңбекші аудандық прокуратурасы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.