ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН

Среда, 28 Сентябрь 2022 04:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 895 раз

Шымкентте биылғы жылғы 6 айдың мәліметі бойынша пробациялық бақылауда 1360 адам есепке алынған. Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бақылауда жүргендер саны 215 адамға азайған. Алайда, қайталама қылмыстар саны 2 есеге өсіп отыр.

 

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен консультациялық-кеңес мәжілісінде мәлім болды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 36 қайта жасалған қылмыстың 28-ін жұмыссыз және тұрақты жұмыс орны жоқ адамдар жасаған. Жиында атап көрсетілгеніндей, түзету мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу тұрғысында әлеуметтік қолдау өзекті мәселе болып қалуда. Өйткені, сала мамандары жұмыс берушілер тарапынан сенімсіздік басым екенін алға тартуда. Өз кезегінде, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау Халықты жұмыспен қамту туралы Заңнаманы бұзу болып табылады.
Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков консультациялық-кеңес мәжілісіне қатысқан барлық басқармалар мен құзырлы мекеме басшыларына жазасын өтегендер мен есепте тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеп, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсетуде жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
Бостандыққа шыққан азаматтар сондай-ақ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығын» паналай алады. Жыл басынан бері орталыққа Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментіне қарасты түүзеу мекемелерінен босап шыққан және есепте тұрған 50-ге жуық азаматқа қызмет көрсетілген. Орталық мамандары оның ішінде 13 адамды туған туыстарымен табыстырған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.