Өрт көбінесе адамдардың отқа немқұрайлы қарауынан орын алатыны көпшілікке мәлім. Тәжірибе көрсеткендей, өрттің басым бөлігі адами фактордың себебінен болады. Өрт санының қыс мезгілінде күрт өсетінін атап өту қажет. Облыс тұрғындарының басым бөлігі қыс мезгілінде пеш жағатынын ескерсек, пешті жабдықтау мен қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын көптеген тұрғындар өз үйлерімен жақындарының өмірлерін қауіп-қатерге тігеді.
Құрметті тұрғындар! Тұрғын үй секторында өртті болдырмау үшін төмендегі қарапайым ережелерді сақтау қажет:
— тек отқа төзімді кірпіштен қаланған пешті жағу, сонымен қатар оның алдына темірден жасалған қаптама қағу қажет;
— жылыту маусымының алдында пешті тексеріп, жөндеу және ыстан тазалау керек;
— пешті жағу үшін тез жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин) пайдалануға тыйым салынады;
— жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар оның қарауды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды;
— пештің алдындағы қаптаманың үстінде көмір мен ағаштарды сақтауға тыйым салынады.
— пешті қатты қыздыруға болмайды.
Осы ережелерді қатаң сақтау ғана Сізге өміріңіз бен денсаулығыңызды, үйіңіз бен мүлігіңізді сақтап қалуға көмектеседі.
Б. Әбілқасым,
Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының
инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты