Сайлау учаскесінде ардагер-ұстазға ерекше құрмет көрсетілді

Воскресенье, 20 Ноябрь 2022 11:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 577 раз

WhatsApp Image 2022-11-20 at 17.38.04

Шымкент қаласындағы №45 сайлау учаскесінде шәкірттер ұстазын туған күнімен құттықтап, ерекше тосын сый жасады. Зейнекүл Үсенова – №52 мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы. Математика пәнінің мұғалімі аталған білім ордасында 40 жыл ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ардагер ұстаздың туған күні – сайлау күнімен тұспа-тұс келді.

–Ел Президентіне даусымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Бюллетенді салып болғаным сол еді, шәкірттерім гүлімен алдымнан шықты. Туған күнімді ұмытпапты. Осылай қос қуанышты сезініп жатырмын, — деді ұлағатты ұстаз толқынысын жасыра алмай.

Зейнегүл Үсенова тәрбиелеп шыққан шәкірттер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еліміздің дамуына үлес қосып жүр.

–Ұстазымыздың туған күні – 20 қараша. Мектеп кезінде де, кейін апайымыздың туған күнін ұмытпай құттықтап тұратынбыз. Зейнегүл апайдың туған күні сайлаумен қатар келіп, сайлау учаскесінде қуантқымыз келді, - дейді шәкірті Әсел Мәлік.

«Шымкент келбеті»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.