Версия для печати

Шымкенттегі сайлау учаскесіне Қасымжомарт келді

Воскресенье, 20 Ноябрь 2022 13:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 814 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2022-11-20 at 19.18.04

Шымкент қаласында №101 сайлау учаскесіне Қасымжомарт өз таңдауын жасауға келді. Ол бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына алғаш рет қатысып отыр. 18 жасқа жақында толған Қасымжомарт қазір М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Аграрлық факультетінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша білім алып жүр.

–Есімімді әжем қойған. Ол кезде қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Премьер-Министр қызметін атқарған екен. Абыройлы, білімді азаматтың есімін маған ырым етіпті. Алғаш рет дауыс беру құқығына қол жеткізген соң мұндай шарадан қалай тыс қаламын!? Есейіп, кітап оқуды әдетке айналдырғаннан бастап Президенттің өмір жолы қызықтырды. Есімім жауапкершілікті күшейтті. Енді атыма лайық азамат болу – міндетім деп ойлаймын, - деді Қасымжомарт Көкенбай.

Атап өтсек, №101 сайлау учаскесінде қазіргі таңда дауыс берушілердің 64 пайызы даусын беріп үлгерген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.