ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Среда, 23 Ноябрь 2022 09:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 948 раз

kukuk

1989 жылы 20 қарашада бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды. Бүгінде Бүкіләлемдік балалар күні ретінде аталып жүр.

Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің №6 кітапхана бөлімшесінде әр адамның өмірінде маңызды орын алатын құқықтық білім мен сананы қалыптастыру мақсатында құқықтық дәріс ұйымдастырылды.

Шымкенттегі №48 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен өткен жиынды кітапханашы Гүлзира Алдабергенова жүргізді. Кітапханашы еліміздегі балалардың құқығын қорғауға арналған заңмен, әлемдік деңгейдегі құжаттардың мазмұнымен таныстырды. Сонымен қатар, іс-шара барысында балалар «Жалғасын тап», «Құқық», «Міндет» ойындарына қатысып, өздерінің құқықтық білімдерін шыңдады.

 

Г.ӘЛІМБЕТОВА,
Шымкент қаласының ОБКЖ
№6 кітапхана бөлімшесінің
кітапханашысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.