Талантты ұстаздың шәкірті – талапты Избранное

Среда, 30 Ноябрь 2022 05:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 576 раз

«Қазақтелеком» АҚ-ның тәжірибелі маманы Света Жұмашева осы қағиданы ұстанады. Оңтүстік өңірі В2С сегментінің коммерциялық директоры лауазымында істейтін тәжірибелі басшы Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауына қатысып, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша ІІ орын иеленді.

10

 

1999 жылдан бастап осы салада жүрген Света Шерелханқызы, әріптестерінің айтуынша, осы уақыт ішінде ұжымда өзін іскерлік беделі бар кәсіби, сауатты көшбасшы ретінде көрсетіп келеді. «Қазақтелеком» АҚ-ның «Құрметті байланысшы» марапатының иегері атанған маман өзінің қызметтік міндетінен бөлек жастарды тәрбиелеу, машыққа баулу жолында аянбай тер төгіп келеді. Осыған орай компанияның персоналды басқару жөніндегі директорының тәлімгер сертификатын алған.
Бұған қоса, бірнеше рет Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының, мәслихаттың және облыс, Тараз және Шымкент қалалары әкімдерінің Алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған. Света Жұмашева ақыл-кеңес берумен қоса, шәкірттеріне тікелей өзінің жұмысы арқылы үлгі болғанды жаны қалайды. Сондықтан, ұжымдастары арасында беделге ие.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.