Тұрғын үйдің жаңа басқару нысандарына көшудің мерзімі ұзартылды

Среда, 14 Декабрь 2022 11:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1159 раз

WhatsApp Image 2022-12-14 at 17.00.47

Елімізде көппәтерлі тұрғын үйдің жаңа басқару нысандарына ауысу мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүлік иелерінің бірлестігі, жай серіктестік) сапалы көшу үшін ҚР Парламенті Сенаты оның уақытын 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы заңнамалық шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұл – басқарудың жаңа түрі. Онда пәтерлер мен үй-жайлардың иелері өз үйлерін өздері қадағалап, жауап береді. Мүлік иелерінің бірлестігі «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Мүлік иелерінің бірлестіктерінің басты айырмашылығы – өз үйлерін тек тұрғындар ғана басқарады. Басқаша айтқанда, бұл оларға тек өз үйлерін күрделі жөндеуге қаражат жинауға, қаражаттың түсуіне мониторинг жүргізуге және «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша олардың мақсатты жұмсалуына мүмкіндік береді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.