Орталық 32 мыңға жуық жасқа қызмет көрсетті

Пятница, 13 Январь 2023 06:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 625 раз

JRO

Үшінші мегаполисте 2022 жылы 160 мыңға жуық жас тұрғын түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқан. Ал, қалалық Жастар ресурстық орталығы 32 мыңға жуық жасқа қызмет көрсетті.

Жастар ресурстық орталығы жанынан мобильді топ құрылып, «Жастардан жастарға – ақпараттық керуен» жобасы ұйымдастырылды. Оның аясында шалғай елді мекендердегі 15 мыңнан астам жасқа жұмысқа орналасу, үй кезегіне тұру, техникалық білім алу және тағы басқа әлеуметтік көмектер ұсынылып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Нәтижесінде бүгінде жоба аясында 16 735 жас мемлекеттік бағдарламаға жұмылдырылды. Атап айтқанда 470 жас нарыққа қажет мамандықтар бойынша оқуға жолданса, жалпы 9 мыңға жуық жасқа түрлі бағыттар бойынша жұмысқа жолдама берілді, ал 7 мыңға жуық жас онлайн оқудан өткен. Оның ішінде 455 кәсіпкер жас қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізіп отыр.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағындағы 9 ірі базардың жанынан «Жастар ұйымдары» ашылып, жастармен жұмыс жүргізілуде. «Шымкент қаласындағы NEET санатындағы жастар туралы» тұжырымдама бекітілген. Оған сәйкес жұмыссыз жүрген жастар тізімі жасақталып, оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес, былтыр «Мүмкіндіктер алаңы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 37 рет ұйымдастырылып, оған 5000 жас қамтылды. Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы аясында 1313 жас шілде-қыркүйек айлары аралығында жұмыспен қамтылды. Еңбек жасақтары 200 тоннадан астам қоқыс жиналып, жалпы 70 гектарға жуық гүлзардың күтімімен айналысты.

Айта кетейік, Шымкентте 14-29 жас аралығында 245 178 азамат бар. Олар жалпы қала халқының 21,7 пайызын құрайды.

Последнее изменение Пятница, 13 Январь 2023 06:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.