Түркі әлеміне ортақ тұлға Избранное

Пятница, 20 Январь 2023 06:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1448 раз

Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада Бейбарыс Сұлтанның туғанына 800 жыл толуына орай «Сұлтан Бейбарыс – түркі әлеміне ортақ тұлға» атты тарихи-мәдени кеш өтті.

750

 

Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келіп, жаугершілікте тұтқынға түсіп, қайсарлығы мен ержүректігі, дарыны мен даналығымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген, мәмлүктердің төртінші сұлтаны болған, Мысырды билеген бабамызды қанша дәріптесек те артық болмайды. Кешті ұйымдастырушылардың да мақсаты да соған саяды. Тарихи кеште шақырылған тарихшы, ғалымдар жиналған зиялы қауым өкілдері жастарға Сұлтан Бейбарыс туралы тың ақпараттарын жеткізді.
– Жастарымыз жат елге құл болып сатылып барса да тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген тұлғаның отансүйгіштігінен үлгі алуы керек. Қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы атамекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде, Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы асқақтап тұр, – деді тарихшы
Қайрат Анарбаев.
Айта кетейік, биыл Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығы ауқымды түрде тойланбақ. Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Азһар университетінің жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебті қабылдағаны белгілі. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл мерейтойына дайындық аясында Қазақстан тарапы Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуге үлесін қосатынын айтқан болатын.

Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.