Версия для печати

Шымкентте сайлаушыларға наурыз көже таратылды

Воскресенье, 19 Март 2023 03:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 479 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2023-03-19 at 09.40.38

Шымкентте Қазығұрт шағынауданы  №86 жалпы білім беретін мектеп ғимаратындағы №71 сайлау учаскесінде дауыс берушілер наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік дастарханнан дәм татқан тұрғындар сайлау науқанындағы бұл бастамаға ризашылығын білдірді.

–Бұл жолғы сайлау науқаны Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Міне, осындай қуанышты, мерекелі күнде өзіміз сенім артқан үміткерлерге дауыс бердік. Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Есіктен кірген бойда жылы лебізімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақ үлестіріп, жақсы көңіл-күй сыйлап жатыр. Осы сәтті пайдаланып, барша шымкенттіктерді Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамын,-деді Тұран ауданының биі  Жетпісбай Жұрымбаев.

Қаладағы №71 сайлау учаскесінде таң азаннан бері дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр. Бұл сайлау учаскесінде 2 125  тұрғын тіркелген.  Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Қазірге дейін 3 сайлаушыдан үйде дауыс беру ұсынысы түскен.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.