Версия для печати

Ынтымақта сайлаушылар наурыз тойын тойлады

Воскресенье, 19 Март 2023 07:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 614 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2023-03-19 at 13.07.20

Абай ауданы Ынтымақ шағынауданының сайлаушыларының көңіл-күйі көтеріңкі. Елді мекенде балалар ұлттық ойын түрлерінен бәсекеге түсіп, ұлттық тағамдардан дәм татуда.  Алдымен таң азанымен тұрғындар №54 мектеп ғимаратындағы №51 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасап үлгерді.

Сайлау тек саяси науқан емес, бұл күні мереке деуге болады. Мұнда елдің жарқын болашағымен қатар бірлігі мен татулығы, ынтымағы жатыр, дейді аудан тұрғындары.

Сайлаушыларға ұсынылған концерттік бағдарламағы орындалған ән-күйлер оларды рухтандырды деуге болады. Ұлттық ойындардан өткен жарыста орын алған жеңімпаздардың мәртебесін асқақтатып, аға буын ақ батасын берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.