Версия для печати

«Балаларымның болашағы үшін дұрыс таңдау жасадым»

Воскресенье, 19 Март 2023 10:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 641 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2023-03-19 at 16.04.29

Елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында Шымкент қаласындағы №164 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасауға келген сайлаушылардың  қарасы қалың болды. Жауапты мамандардың мәліметінше, сайлау учаскесінде 2296 сайлаушы тіркелген. Таңғы  жетіден бері сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беріп үлгерген.

Сайлаушылардың бірі көп балалы ана Ғазиза Исматова науқанға отбасымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Балаларымның болашағы үшін дауыс бердім деген көп балалы ана өз пікірін білдірді.

–Халық осы жолғы сайлаудан үлкен үміт күтеді. Өйткені, жаңа депуттаттар, жаңа партиялар келіп жатыр. Отбасыммен келіп дауыс беруіміз еліміздің жарқын болашағына жасалынған қадам деп білемін. Қазақстанның әр азаматы науқаннан тыс қалмай, белсенділік танытуы керек. Сайлау әділ өтіп, қашан да еліміздің болашағының жарқын болатынына, келешегінің кемел болатынына сенімдіміз,  - дейді көпбалалы ана.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.