Өскелең ұрпақтың елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткен ақпараттық-насихаттау жұмыстары қаламыздағы №24 IT мектеп-лицей, Б.Садықов атындағы №112, №28, Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектептердегі оқушылар арасында жүргізілді.
Патриоттық жиында «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінң төрағасы Р.Қонысбеков , қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығы КММ «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің әдіскері Б.Нұсқабаев егемен еліміздің қасиетті қорғаны болу – қазақ халқының барша ер-азаматтарының ұлы борышы екендігін түсіндіріп, батыр ата-бабаларымыздың ерлігін сөз етті.
Айта кетейік, ерлік сабақтары білім беру мекемелерінде жыл соңына дейін жалғасын табады.