«Әлеуметтік желі: ақиқат пен аңыз» тақырыбында дәріс оқыды

Вторник, 11 Август 2015 10:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5195 раз
o20150806 143749Біркөлік тау бөктеріндегі «Бәйшешек» сауықтыру кешенінде облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі: ақиқат пен аңыз» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
 
Семинарға Оңтүстік өңіріндегі аудан, қала әкімінің баспасөз хатшылары, сондай-ақ ішкі саясат бөлімдері, облыстық, аудандық, қалалық БАҚ өкілдері және блогерлер қатысты. Жиында облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бектаева кіріспе сөз сөйлеп, семинарды ашты.
 
Өз кезегінде РR және SMM-нің білікті маманы, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры, белгілі тележурналист Қанат Әуесбай әлеуметтік желілердің қоғамдағы маңыздылығы жөнінде баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.
 
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білімін жетілдіріп қайтқан Қанат Әуесбайдың айтуынша, елімізде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең танымал əлеуметтік желілер – Vkontakte, Facebook және Instagram.
 
– Қазір әлеуметтік желілер ықпалды күшке ие бола бастады.  Біздің елімізде де желіні пайдаланатындар жеткілікті. Мысалы, Vkontakte желісінде 3,8 мың, ал Facebook-те шамамен 1 млн. қазақстандық отыратын болса, Instagram желісінің 1 млн. аудиториясы бар, – дейді журналист-блогер.
 
Семинар барысында танымал тележурналист «Әлеуметтік желілердің халықпен жұмыс істеудегі рөлі және билік органдарының беделін қалыптастырудағы орны», «Әлеуметтік желілердің тілі және оның мемлекеттік органдардың сайтында жарияланатын ресми материалдардан айырмасы» тақырыбында да дәріс оқыды.
 
– Әлеуметтік желілерге пост жазу кезінде "Prime time" деген ұғым бар. Ол сағат таңғы 8-10 мен кешкі 7-11 аралығын қамтиды. Осы уақыт аралықтарында жарияланған посттардың оқырмандары көбірек болады, – деп атап өтті Қ. Әуесбайұлы.
 
Семинарға қатысушылар әлеуметтік желілерге қалай ақпарат бере білу, имидж қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, бейне материалдар салу, материалдарды қалай жарнамалай білуді үйренді. Семинар-тренингтің соңында журналистер мен блогерлерге сертификаттар мен бағалы кітаптар тапсырылды.
 
С. ТАСТАНБЕК
Последнее изменение Вторник, 11 Август 2015 11:14
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА »