Көпшiлiктiң мәселесi – күн тәртiбiнде

Среда, 17 Февраль 2016 05:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3553 раз

Қала аумағындағы қоғамдық маңызы бар мәселелерді жедел шешуде және көтерілген мәселелерді жүзеге асыру бағытында қала әкімдігінің ресми www.shymkent.gov.kz сайтының «Халықтық бақылау» тармағы арнайы жұмыс істеуде. Мұнда жергілікті тұрғындардың талап-тілегіне әкімдік тарапынан жүйелі түрде жауап беріліп келеді. Сайт қызметін қолданушылардың ағымдағы жылы қала әкімдігіне жолданған сауалдарының бірқатарына жауап берілді.

Күләш ИМАНҚҰЛОВА, қала тұрғыны:
Сұрақ: – Мен 1998 жылы Лермонтов көшесі, 1 «б» мекен-жайындағы үйді Асатаев Болат есімді азаматтан сатып алғанмын. Үйдің барлық құжаттары заңдастырылған. Ол үйдің астында кәріз құбыры бар екенін бізге ешкім ескертпеген. Енді ғана үйіміздің астынан құбырдың жүргенінен хабардар болдық. Егер сол жер сүрілетін болса, бізге тұратын баспанамен қамтамасыз етуге немесе ақшалай өтемақы беруге ықпал етуіңізді сұранамыз.
Жауап: – «Оңтүстік» шағынауданындағы Ташкент көшесі №2а және Лермонтов көшесі №1б мекен-жайларында сарқынды суды ағызатын диаметрі – 1000 милиметрлік, 3-4 метр тереңдікте орналасқан коллектордың құлауынан, жер үстінде үлкен шұңқыр пайда болған. Жақында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарына қауіп төнуіне байланысты 06.01.2016 жылы қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың №1-өкіміне сәйкес, «Жергілікті төтенше жағдай» деп жарияланды. Сізге және сіздің көршілеріңізге МЖК шағынауданының аумағындағы жатақханадан және Саяжол көшесі №2 үйден уақытша тұрғын жай ұсынылды. Алайда сіздер туысқандарыңыздың үйіне көшіп, өз еріктеріңізбен уақытша тұрғын жайдан бас тарттыңыздар. Сонымен қатар, мердігер мекеме «Конструктор-80» ЖШС-ның М. Лермонтов көшесі №1б тұрғын үйдің 15.01.2016 ж. №5-02 және Ташкент көшесі №2а тұрғын үйдің 15.01.2016 ж. №5-01 техникалық сараптамалары бойынша тұрғын үйлер апатты деп танылып, қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың 18.01.2016 жылғы №36 қаулысына сәйкес, М. Лермонтов көшесі №1б және Ташкент көшесі №2а тұрғын үйлерді бұзу ұйымдастырылып, аталған үйлердің тұрғындарын басқа тұрғылықты тұрғын жаймен қамтамасыз ету бойынша заң шеңберінде тиісті жұмыстар ұйымдастырылсын деп көрсетілген. Осыған байланысты Сіз, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңы бойынша өткізілетін конкурс нәтижесінде анықталған жеңімпаз мекеме, сіздің тұрғын үйіңіздің рәсімделген құжатында көрсетілген жалпы алаңына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бап, 1 тармағына сәйкес, қабылданған шешімге қанағаттанбаған жағдайда құзырлы органдарға шағым жасауға құқылы екеніңізді хабарлаймын.

Әлен МАЛДЫБЕКОВ, Шымкент қаласының тұрғыны:
Сұрақ: – Көшенің аяқжол бойындағы самса сататын ошақтары, шыны керек, қала сәулетіне кері әсерін тигізуде. Осы мәселенің оң шешілуіне көмектессеңіз екен.

Жауап: – Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімімен тиісті мекемелерге яғни Шымкент қаласының аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларына және Шымкент қаласының аудандық полиция бөлімдеріне қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шара көру үшін ресми хат жолданды. Сонымен қатар, арнайы белгіленбеген сауда орындарды жою бойынша бекітілген іс-шара жоспар аясында әкімшілік шара көру және түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін назарынызға жеткіземін.

Гүлжан Қоңырбаева, қала тұрғыны:
Сұрақ: – Шымкент қаласының кейбір көшелері жаңбыр жауса суға толып кетеді. Әсіресе, Еңбекші аудандық ІІБ мен Кең баба саябағының, сондай-ақ Көктем, Балдырған аялдамаларының жанында орналасқан үлкен арықтың үстінен қызыл шекараны басып ғимараттар салынған. «Фармация» басқармасының, «Ислам жолы» мешітінің жанынан Ж. Аймауытов көшесін кесіп өтетін арық қоқысқа толып, жабылып қалған. Осындай келеңсіздіктерді жою бойынша жоспарлы іс-шаралар жүргізілсе екен.

Жауап: – Төреқұлов көшесінің «Стекляшка» аялдамасынан Елшібек батыр көшесіне дейінгі аралығында орналасқан аялдамалардың қағида нормативтеріне сәйкестігі бөлім мамандарымен зерттелді. Нәтижесінде, бір аялдаманы Төреқұлов көшесінен Елшібек батыр көшесі бұрылысына, екінші аялдаманы Елшібек батыр көшесінен Төреқұлов көшесінің бұрылысына орнату туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда аялдама белгілерін орнату туралы тапсырма беріліп, келешекте аялдама платформаларын орнату жоспарланып жатқанын хабарлаймыз.

Исағали ӨТЕУЛИЕВ, Шымкент қаласының тұрғыны:
Сұрақ: – Шымкент қаласындағы «Нұртас» шағынауданында ауыз сумен камтамасыз ету шаралары неге тоқтап қалды? «Нұртас» шағынауданы қашан қамтамасыз етіледі?

Жауап: – Шымкент қаласы «Нұртас» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарыныңы 2-кезеңі мердігер мекеме «Тұр Ахмет и К» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыс бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын толығымен 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.