Версия для печати

Наурызда – жаңа фестиваль!

Суббота, 05 Март 2016 09:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5932 раз
Оцените материал
(0 голосов)
999jjjНаурыз мерекесі қарсаңында (18 наурызда) Қошқар-Ата өзенінің бойында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қошқар-Ата сейілі» көктем мерекесі өтеді. Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының ежелгі үрдісін жандандыру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау, Шымкент қаласына басқа өңірлер мен шетел туристерін тартуға септігін тигізу. Қошқар Ата өзені бойында мерекелік бағдарламалар, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар және асыл тұқымды қошқарлар мен қойлар көрмесі өткізіледі.
 
Бұл күні асыл тұқымды қошқарлар мен қойлардың көрмесіне облысымыздың барлық аудан, қалаларынан өтініш білдірген қой шаруашылықтары мен қарапайым шаруалар қатыса алады. Қошқарды иығына көтеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын біріктіріп ұстап, бір орнында, 1 минут ішінде отырып-тұруы тиіс, үзіліс жасап дем алуға болмайды. Қошқарды ең көп көтерген азаматқа жеңіс беріліп, қошқар сол азаматтың еншісіне беріледі.
 
Іс-шара кезінде ұлттық ойын түрлерінен: қазақша күрес, тоғыз құмалақ, асық ату, қол күрес, шекем-тас сайыстары өтеді. Қатысушыларға арнайы тағайындалған спорт саласының шеберлері төрешілік жасайды. Төрешілердің шешімімен командаға немесе жеңімпаз деп табылған үміткерге жүлделі сыйлықтар тағайындалады. 
 
Толыққанды мәліметтерді Шымкент қаласы, Мангелдин көшесі №39 үй Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен алуға болады. Байланыс сымтетіктері: (87252) 40-63-03, 35-54-82 факс, Ұялы телефон: 8701 773 47 05 эл. пошта:  Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .
 
Последнее изменение Вторник, 15 Март 2016 11:39
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.