Жастар бастамасы

Среда, 06 Апрель 2016 05:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5516 раз

Шымкенттік жастардың бастамасымен 9 сәуір күні, сағат 10.00-де Қошқар ата өзенінің бастауында қала тазалығын сақтау және мәдениетті қорғау мақсатында «Өзен қорғаушылар» азаматтық іс-шарасы өтеді. Жастар осылайша қаламыздың абаттануына өз еріктерімен үлес қоспақ.

Бастаманы Шымкент қаласының әкімдігі, "Тұран" талантты жастар одағы және ОҚО "Жас отан" жастар қанаты, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі жастар бөлімі бірлесе ұйымдастырып отыр.

Бастама аясында 500 шымкенттік тұрғын 500 түп жеміс ағашын отырғызып, 50-ге жуық бұлақ бастарын ашуға атсалысады.
Ұйымдастырушылар қаланың әрбір тұрғынын тазалыққа үлес қосуға шақырады. Қаланы көркейту – әрбіріміздің азаматтық міндетіміз. Сіз де осы игі бастамаға қолдау білдіріңіз!

zhastar bastamasy

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.