Тамыздағы ауа райы қандай болады? Избранное

Среда, 03 Август 2016 05:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1264 раз

Тамыз айы Оңтүстікте және таулы аймақтарда ыстық әрі қалыпты болмақ. «Қазгидромет» РМК ОҚО бойынша филиалының мамандары осындай болжаммен бөлісті.

aPW5g0Wwy3sИнженер синоптик Салтанат Қоныстың айтуынша, айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 16-21, 21-26 градусты көрсетсе, күндіз 32-37 градустан 35-40 градусқа жоғарылайды. Ал онкүндік соңында сынап бағанасы түнде 13-18 градус, күндіз 28-33 градусқа дейін төмендейді. Мамандардың мәлімдеуінше, осы айда суық ағын байқалады. Олар екінші 10 күндік соңында келеді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ал кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауады деп болжайды. Дегенмен, салқын ауа ұзаққа созылмайды. Тамыздың 20-нан кейін сынап бағасы 31-36 градусқа жоғарылайды.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.  

Другие материалы в этой категории: « 574 жоба қолдау тапты 25 жылдыққа – 25 альпинист »