25 жылдыққа – 25 альпинист

Среда, 03 Август 2016 05:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4582 раз

САЙРАМ-СУДЫҢ 4035 МЕТРЛIК ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында табиғаттың бар кереметін баурайына жинаған таулы аймақтар көп-ақ. Соның бірі – Сайрам-су тау шатқалы.

e46nVsaYWhE

Жуырда «Казахстанская правда» газетінің қызметкерлері Сайрам-судың 4035 метрлік шыңын 5-ші рет бағындырды. Ұжым үш күнге созылған «Тау фестивалін» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Осы мақсатта тау баурайынан қоныс тепкен 33 альпинистің 25-і, атап айтқанда «Химфарм» АҚ өкілдері, «Казахстанская правда» газетінің қызметкерлері Дулат Молдабаев, Сергей Наговицын, Бақытжан Мұсабеков және Виктор Русаков, сондай-ақ Шамил Рафиков, Ербол Оразалин, облыстық «Жас туристер станциясынан» ниет білдіргендер, Біріккен Араб Әмірлігінен Сергей Курочкин, Кентаудан Иосиф есімді альпинистер тау шыңына жол тартқан.

dITW8NMia0Q

Осы құраммен тау шыңын бағындырып қайтқандар қатарында болған Қ.Кәрібаев: «Алғашқы күні «Бабалар аңғарына» тоқтадық. Жауын астында түнеп, ертеңіне жоғары қарай «Қарлы сайға» жүріп отырдық. «Шымкент асуынан» өтіп, «Казахстанская правда» шыңына жеткенде ызғар жел соғып, найзағай түсіп қатты әуреге салды. Сондықтан аз ғана уақыт 1-2 кадр суретке түсіріп үлгердік те, қайта төменге беттедік», – дейді. 

reterter

Ал таудан түскен әуесқойларды Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстағы бірқатар БАҚ өкілдері күтіп алды. Өз кезегінде сөз алған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов:

BUMMu5Ly65U

– Мынадай сұлулықтан бас тарту мүмкін емес. Басқа жұмысын қалдырып, осында жиналған баршаңызды, әсіресе, өз шыңын бағындырған «Казахстанская Правда» газетінің ұжымын «Тау фестивалінің» мәреге жетуімен ерекше құттықтағым келеді. Бейбіт әрі табиғаты керемет елде өмір сүретін біздер бақыттымыз. Әрқашан жетістігімізге қуанып, сұлу табиғатымызға тамсанып әрі оны қорғап жүрейік. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы баянды болсын! – деді. 

Іс-шара бұдан әрі «Сайрам-Өгем» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде экологиялық сенбілікке ұласты.
Жиналған қауым «жақсы жұмыс істей білетіндер – демалысты да дұрыс өткізе білуге тиіс» деген қағидамен «Химфарм» АҚ жайған дастарханнан дәм татты. Альпинистер, журналистер және басқа да шараны өткізуге атсалысушылар түстен кейін Қасқасу тау жоталарына тамсанып, бой сергітіп, қиялға қанат бітіріп қайтты.

А. МОЛДИЯРҚЫЗЫ,
Шымкент –
Сайрам-су – Шымкент

Последнее изменение Среда, 03 Август 2016 06:07
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.