Конституциямызға – 21 жыл

Пятница, 26 Август 2016 10:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4109 раз

konstitutsia 68


 

Конституция күні - біздің мемлекетіміздің,  халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.

Міне, биыл осы Конституциямызға 21 жыл толып отыр.

Жаңа Конституцияның қабылдануы Президенттік басқару нысанының ауқымында мемлекет басшысына мемлекеттік билік органдарының үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз   етуге, қоғамды түпкілікті реформалауға мүмкіндік береді. Көп ұлтты, әрі көп дінді қоғамда азаматтық татулықтың, қоғамдық тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің кепілі - Президенттің болуы өмірлік мәнге ие болды. Биліктің тұрақтылығы реформаларды  жүргізудің жоспарлылығын, нақтылығын және саяси сабақтастығын сақтады.    

Қазақстан қысқа мерзім ішінде экономикалық жетістіктермен бірге демократияның негізгі тетіктерін жасақтады. Мысалы, азаматтық қоғам құру процесі соның бір айғағы. Осылай жаңашылдыққа бағыт бағдар алған негіздер тәжірибеміздің толыса бастағаның білдіреді.  

Қазақстан Республикасының Конституциясы ұлтаралык, дінаралық татулықты орнықтырады. Конституция бойынша дін бостандығы бекітіліп, оның   19-бабында» әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінген. Біздің қоғамымыздың діннің алатын орны ерекше. Ол арқылы рухани тәлім-тәрбиенің салауатты қоғам қалыптастыруда маңызы зор. Алайда, соңғы уақыттарда елімізге шет мемлекеттерден келіп еніп жатқан көптеген діни  ағымдар, қоғамдағы ұлтаралық рухани келісімге дақ түсіріп, қақтығыстар тудыруды көздейтін діни ұйымдардың республикамызда кездесетіні жасырын емес. Әділет  департаменттерінен ашылған діни ұйымдарды тіркеу мен олардың қызметіне мониторинг жүргізумен айналысатын бөлімдердің құрылуы бұл саладағы соңғы жылдарда орын алған бейберекеттіктерді тыюға оң жағдай жасауға бағытталып отыр.        

Осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты.      

Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары  азамат Конституцияда  бейнеленген жауапкершілікті сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні  мен болашағы үшін, жалпы алғанда  өз Конституциямызды құрметтеп қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Республикасындағы азаматтың міндеті мен парызы. Себебі, бұл Конституция Қазақстан Республикасының Ата Заңы.           

Жоғарыда айтылғанды түйіндейтін болсақ, Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата Заңы болып табылады. Осы идеяның меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін ұмытпауымыз керек.    

 

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық 
әділет басқармасының басшысы
БОТАН Дина Балтабекқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»
 РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Последнее изменение Пятница, 26 Август 2016 12:26
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.