Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде позицияларды жақсарту үшін зияткерлік меншік құқығын қорғау

Пятница, 26 Август 2016 10:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4584 раз

2015-2016 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумының  жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі бағалау есебін жариялады.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз мәслихатында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық жобалар жəне эконо­микалық зерттеулер орталығы  рейтинг бойынша көш басында Швей­цария тұрғандығы және де бұл елдің соңғы 7 жыл қатарынан алдыңғы орынды иеленіп келе жатқандығы туралы атап айтқан.

Сондай-ақ, ТМД елдері арасында біршама алға жылжу байқалады. Мысалы, 2015-2016 жыл аралығында Әзербайжан 2 саты алға озып, 40-орынды иемденіп отырса, біздің мемлекетіміз 8 сатымен 42-орынға шыққан. Ал Ресей 8 саты жоғарылап 45-орында тұрса, Украина 79-орын, Тәжікстан 80-орын, Армения 82-орын, Молдова 84-орын және Қырғызстан 102-орынға көтерілгендігі байқалады.

Бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингіне қатысудың Қазақстанның бүкіл тарихындағы үздік нәтижесі.

Айтарлықтай жақсаруға қарамастан, Қазақ­станның ең әлсіз тұстарына денсаулық сақтау және бастауыш білім, қаржы нарығының дамуы, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі және инновация мәселелері жатады. Керісінше, ең жоғары өсу – халықаралық дистрибуцияны бақылау, монополияға қарсы саясат тиімділігі, сауда баждары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы секілді бағыттарда байқалса, бәсекеге қабілеттіліктің ұялы байланыс абонеттерінің саны, мемлекеттік артықшылық/тапшылық, шығыстарды орнатудағы икемділік, жалақы және еңбек өнімділігі секілді көрсеткіштеріне жоғары баға берілген.

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Басым бағыттар бойынша және Ел басының жолдаған жарлығына сәйкес, зияткерлік меншік саласына қатысты жұмыстарды жандандыруымыз қажет.

Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына  кіру мақсатында 2020 жылға қойылған жұмыс жоспарын алға ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.

Осыған орай, зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша қоғамда шет елдерден заңсыз тасмалданатын тауарларға қатысты, олардың жолын кесу, болдыртпау мақсатында, жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрықтың аясында тығыз тексеру іс-шаралары жасалуы қажет.

Әділет органдарының басты міндетінің бірі зияткерлік меншік құқығын қорғау болып табылады. Зияткерлік меншік адамзаттын ақыл ойымен  жасалған барлық шығармалары – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік.

Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады және  құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.

Тауар белгісі– бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын ажыратуға мүмкіндік беретінтаңба.

Тауарбелгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығызаңбойынша зияткерлік меншікке жатқызылады.   

Тіркелген тауар белгісіне куәлік беріледі.  

Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін.

Мемлекеттікелтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды.

Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін.

Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады.

       

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық
әділет басқармасының басшысы
Дина Ботан Балтабекқызы
«Қазақстан Заңгерлер Одағы»
РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі.

Последнее изменение Пятница, 26 Август 2016 10:57
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.