Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі

Понедельник, 29 Август 2016 09:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5044 раз

111Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі. Жалпыға бірдей қол­же­тімді статистикалық мәліметтерге және компа­ния­лар басшыларының жаһандық сауалнама нәти­желеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – есепте талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық фо­рум­ның әдістемесіне есептелген.

Зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлемнің түрлі 140-144 елдері бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешені бейнелейді.

ДЭФ БЖИ 119 көрсеткіштен құралады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалдама жүргізу нәтижесі бойынша есептеледі. 119 көрсеткіш ішінен бәсекеге қабілетті 12 фактор анықталады:

  • Институттар сапасы
  • Инфрақұрылым
  • Макроэкономикалық тұрақтылық
  • Денсаулық және бастауыш білім
  • Жоғары білім және кәсіби даярлық
  • Қызметтер мен тауарлар нарығының тиімділігі
  • Еңбек нарығының тиімділігі
  • Қаржы нарығының дамуы
  • Технологиялық дамудың деңгейі
  • Ішкі нарық өлшемі
  • Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі
  • Инновациялық әлеует (мүмкіндік)

Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке (Ресей сияқты) экономикасы дамудың екінші кезеңінен (өнімділікке негізделген кезең) үшінші кезеңіне (инновацияларға негізделген кезең) өткен ел ретінде қатысады.

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі ДЭФ БЖИ үйлестіруші ретінде Дүниежізілік экономикалық форумның 2016 жылға дейнгі (ҚР Үкіметі отырысының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №18 хаттамасымен бекітілген) бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индекісі көрсеткішін жақсарту бойынша шаралар жоспарын әзірледі.

Осы Шаралар жоспанрындағы көрсеткіштерге жауапкершілік мемлекеттік органдар бекітілген «ұлттық экономика, даму және иныестициялар жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, әділет, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім және ғылым министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктері мен ұлттық банке құзырет бойынша бекітілген).

Бұдан басқа, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы ДЭФ БЖИ көрсеткіштері бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілетін жұмыстарды тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді.

ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Атап айтқанда:

Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

 «Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

 «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

 «Меншік құқығы» индикаторы

 «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы

Қосымша жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

 «Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерінің айқындығы» индикаторы

 «Қоғамның саясатка сенімі» индикаторы

 «Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы

1. «Меншік құқығы» индикаторы (Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ,ҰБ (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) Сіз өз еліңіздегі қаржылық активтерге арналған меншікті қоса алғанда, меншік құқығын қорғауды қалай бағалар едіңіз? 2014-2015 жылдары-70-позиция

1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2015 жылғы 17 шілдеде қабылданған.

Аталған құжат бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңсыз актілер шығаруы нәтижесінде меншік иелерінің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті нақтылау ұсынылады. Бұл ретте меншік иелеріне келтірілген шығындар мемлекеттікорганның немесе лауазымды адамның кінәлі, кінәсіздігіне қарамастан өтілетін болады әрі бұл сот шешімі арқылы жүзеге асады.Бұдан бөлек, заң жобасында кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы нормалардыекіұдай түсінуді болғызбау қарастырылады.

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік  қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №269-V ЗРК 2015 жылы 1 қантарда қолданысқа енгізілгенү. Заңда:

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін «электронды үкімет» веб-портралында тіркеу мерзімін өтінішті берген кезден бастап жұмыс күнінің 1 сағатқа қысқарту;

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік  тіркеу және қызметін тоқтауды тіркеу кезінде тіркеу алымын төлеуді жою;

-шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 тенге жарғылық капиталының талап етуді жою;

-жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрді жою.

2. Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы  

(Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)

Қойылатын сұрақ: Сіздің еліңіздегі құқықтық жүйе үкімет пен оның қаулыларының заңға сыймдылығына дауласу кезінде жеке компаниялар үшін қаншалықты тиімді? 2014-2015 жылдар (60-орын)

1. Мемлекеттік органдар қызметін бірыңғай құқықтық стандарттармен қамтамасыз үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң жобасы даярланды.

Әзірленген Заң жобасы басқару қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге, мемлекеттік органдың іркілссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделерді қорғауға,мемлекеттік қызыметшілердің лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетін әкімшілік рәсімдерді белгілеуге бағытталған. Яғни, осы заңнама даулы мәселелер туындаған жағдайда құқықтық қатынастарды оңтайлы реттейтін болады.

Себебі, қолданыстағы заң мемлекеттік органдардың ішкі ұйымдастыру рәсімдері реттейді, ал азамат пен мемлекеттік қоғамдық қатынастарын реттейтін нормалар қарастырылмаған.

2. ҚР Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодекс (АПК) жобасы дайындалған. Жоба негізінен Қазақстанда азаматтық сот процесінде адвокаттың рөлін арттырып, оларға медиатор - соттан тыс дауларды реттеуде бітімгерлік қызметін жүктеуге арналған.

Кодекс жобасында істі сотқа жіберуге дайындық мерзімі ұзарып, азаматтық процесте адвокаттық жасау рөлі күшейетіні айтылған. Бұған қоса дауларды соттан тыс бейбіт реттеу ісі - медиацияға мән берілген. Медиация тараптардың өтініші бойынша жүргізіліп, істі бейбіт реттеу арқылы іске аспақ. Жобада адвокаттардың істі бейбіт реттеуге қатысуы міндеттелген.

3. Сонымен қатар, Жоғарғы Сотпен  Жаңа Әкімшілік процессуалдық кодекстің жобасы әзірленген.

Жаңа Кодекс азаматтардың конституциялық құқықтарын, заңды тұлғалардың мүдделерін сотта қорғауға  бағытталған заңнаманы  жаңғырту, әкімшілік  істердің барлық салаларында құқық үстемдігін қамтамасыз етуді мақсат еткен.

Жаңа Әкімшілік процессуалдық кодекстің жобасына сәйкес, жекелеген қоғамдық институттар мен азаматтардың билік органдарымен өзара іс-қимылы заңнамалық тұрғыдан реттелетін болады. Бұл жұмыс істейтін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың негізінде Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесін құру міндетін іске асыруға мүмкіндік береді.

МАӘС-ның қарауына арыз иелерінің құқықтары мен бостандықьарын бұзған немесе оны жүзеге асыруға кедергі келтірген, қандай да бір міндеттер заңсыз жүктелген немесе жауапкершілікке заңсыз тартқан мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері  мен әрекеттерне ( немесе әрекетсіздігіне) шағым түсіруге қатысты қозғалған істерді жатқызуға болады.

“Әкімшілік процессуалдық” Кодекс  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды ғана емес, атқару билік, жергілікті өзін-өзі басқару органы, олардың лауазымды тұлғасы немесе қызметшісі, басқа да субъект болып табылатын дауларды реттеуге бағытталған.

Бұған сайлауларға, референдумдарға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс дүргізу, мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызыметшілердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істер бойынша іс дүргізу жатады. Сонымен бірге нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу, органдардың, лауазымды тұлғалардың актілері мен әрекеттерін заңсыз деп тану туралы прокурордың өтініші де жатады.

4. Халық арасында мемлекеттік органдардың актілеріне шағымдану тәртібіне байланысты сауалнама жүргізілген. Бұл сауалнамада, сауалнама қатысқан тұлғалармен мемлекеттік органдардың шешімдерін сот тәртібімен шағымдануда әділ шешім шығатынына сенетіндерін білдірген.

5. ҚР ӘМ-мен аталған индикаторды жетілдіру мақсатында аумақтық әділет органдарымен атқаратын іс-шаралар кестесі бекітіліп, Әділет департаменттерімен қабылғандан реформалар бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

3. «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы

(Әділетмині, ЖС «келісім бойынша),МК)

Сіздің еліңізде жеке компаниялар үшін дауларды шешу кезіндегі құқықтық жүйе қаншалықты тиімді? 2014-2015 жылдары-59-позиция

 

 

1.Жоғарыда атап өткендей,  ҚР Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған. Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге өз септігін тигізеді.

Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылған.

Әсіресе, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған.

Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде Заңда: татуластыру рәсімдері (жеке тарау), медиаторлардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қолдану, тараптар және адвокаттардың қатысуымен және партиспативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған.

Процессуалдық Заңда азаматтық дауларды жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қараудың қағидалары толықтырылып, бұйрық шығару және жазбаша іс жүргізу арқылы кейбір санаттағы істерді шешудің жолдары өз шешімін тапқан.

2. ҚР Әділет министрілігмен «Төрелік туралы»Заңының жобасы дайындалған.

Заң жобасын әзірлеу төрелік пен аралық сот қызметін құқықтық реттеудегі бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында арнайы екі заңды шоғырландыруға бағытталған. Осындай шоғырландыру дауларды соттан тыс шешу жүйесін нығайту процесіне оң әсерін тигізеді.

Заң жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызу, иннвистиция тартуды ынталандыру және де мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.

Заң: кәмілетке толмаған  адамдардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделерін қоғайтын: банкроттық және оңалту туралы: табиғи монополиялар субьектілері мен олардың тұтынушылары арасындағы дауларды қоспағанда, барлық мүліктік дауларды қарастырады.

 

4. «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы

(Әділетмині,ІІМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша)

Сіз өз еліңіздегі контрафактциямен күрес шараларын қоса алғанда, зияткерлік меншікті қорғауды қалай бағалар едіңіз? 2014-2015 жылдары-74-орын

 

Қазақстан «Зияткерлiк меншiк құқығын қорғау» индикаторы бойынша бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексiнде 2011 жылдан бастап Испания, Бразилия, Ресей және Грузия сияқты елдерді басып озып, өзiнiң көрсеткiшiн 116-орыннан 74-орынға дейiн 42 пунктке бірден жақсартқан.

Ең алдымен мұндай көрсеткіш шетелдік құқық иеленушілер үшін қазақстандық нарықтың тартымдылығын тағы да растай түсті.

Бұл индикатор контрафактiнi анықтау және оның жолын кесу жөнiндегi шараларды қолдану есебiнен қалыптасады және жаңа интеграциялық жағдайда жүргізіліп жатқан әкімшілік-құқықтық реформаға орай, құқық қорғау органдары тарапынан пәрменді іс-қимылға тікелей байланысты болатын көрінеді.

Зияткерлік меншік обьектілерін заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу бойынша құқық қолданушылық практиканы әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

Жаңа Қылмыстық және Әкімшілік кодекстердің қабылдауымен бірге әділет органдарының атында тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактілері бойынша әкімшілік іс жүргізулерді қозғау бойынша өкілеттіктер қалды.

ҚР Әділет министрлігі жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлардың көрсеткіштерін көтеру мақсатында:

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, яғни әр индикатор бойынша ДЭФ ЖБИ терминдерін пайдалана отырып, қабылданған реформалар бойынша халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

 


 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары

«Қазақстан заңгерлер одағы»

РҚБ Оңтүстік Қазақстан

облыстық филиалының

мүшесі   Алипбек Балжан Мадиқызы 

Последнее изменение Четверг, 01 Сентябрь 2016 10:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.