Ата заңды ұлықтады

Вторник, 30 Август 2016 04:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6792 раз
660A9402Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата заңды құрметтеу – біздің міндетіміз әрі парызымыз. Конституциямызға биыл – 21 жыл. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек.
 
Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.
 
Жуырда Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен №5 жалпы орта мектепте Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры – ата заң» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге аудан тұрғындары мен қонақтар қатысты. Концерттік бағдарламада әсем әуезді ән айтылып, мың бұралған бишілер өнер көрсетіп жиналған жұртқа тағылымды кеш, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
Барша Қазақстан халқын және қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!
Последнее изменение Пятница, 02 Сентябрь 2016 06:02
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.