×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Заңсыз сауда жасағандар жазаланды Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2016 05:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4749 раз

5452454Қалада ретсіз саудаға қарсы іс-шара күшейе түсті. Жайбарақат саудасын қыздыратындардың бәріне ескерту берілген. Тәртіп сақшылары мен қала әкімдігінің өкілдері кенеттен тексеріп келіп еді, жаймасын жинап ала қойды. Жалпы, жыл басынан бері қала бойынша 1200 адамға әкімшілік хаттама түзіліп, айыппұл салынды.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік, жер қатынастары бөлімі мен учаскелік полиция инспекторлары Абай ауданы аумағында кезекті рейд ұйымдастырды. Бұл жолғы бағыт – «Колос» аялдамасы маңындағы «Көмешбұлақ» базары. Қала көркінің шырайын бұзған ретсіз сауда нүктелері әлі де бар екен. Құзырлы мекеме өкілдерінің пәрменімен заңсыз сауда орындары алынып тасталды. 

Аптаның 4 күнінде рейд өткізу қолға алынған. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Досанғали Ертаевтың айтуынша, жыл басынан бері қала бойынша 1200 әкімшілік-хаттама түзіліп, айыппұл салынған. 536 сауда жасаушы тұлғаға ескерту беріліпті. 

Рейд барысында «Ернұр», «Диана», «Шымкент-құс» сауда орталықтарының алдындағы заңсыз сауда нүктелері алынып тасталды. Негізінен, заңсыз сауда жасаушылардың дені азық түлік өнімдері, тоқаш, самса, квас сатушылар. Аяқ киім шеберлері де бар. «Ескерту жасалды. 40 мың теңге айыппұл да төлегенмін», – дейді гриль сатушы Сәбина Әбдімүтәл өзінің кінәсін мойындап. 

Абай ауданы бойынша учаскелік полиция инспекторы Серғазы Сералиев те бұл аумаққа бақылау жасайды. Бұлардың бәріне де бірнеше мәрте хаттама толтырған. Сонда да сатушылар заңсыз саудасын тоқтатар емес. Заңға сәйкес, ретсіз сауда жасаушыларға 10 600 теңгеден бастап, 42 000 теңгеге дейін әкімшілік айыппұл салынады.

Последнее изменение Пятница, 16 Сентябрь 2016 06:38
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.