Қала күні мерекесінде Шымкенттің өсiп-өркендеуiне үлес қосқан азаматтар марапатқа ие болды. Оларға қалалық мәслихаттың шешiмiмен «Шымкент қаласының Құрметтi азаматы» атағы берілді.
- Балабиев Қайрат Рахымұлы, «Әлем-БТ» ЖШС жобасының үйлестiрушiсi.
- Бейсеев Әнуарбек, «Ұстаз нұры-информ» газетiнiң бас редакторы.
- Егiзбаев Мұқан Кеңесбекұлы, ОҚО ДСБ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКҚК- ның бас дәрiгерi.
- Жүзбаева Нәбира Жүзбайқызы, зейнеткер, байырғы ұстаз.
- Көлбаев Ошақбай Оспанұлы, зейнеткер, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесiнiң пленум мүшесi.
- Өмiрәлиев Әлiбек Кәденұлы, зейнеткер, ОҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесiнiң пленум мүшесi.
- Құрманбаев Алданазар, еңбек ардагерi.
- Сәрсенов Нұрдәулет Жұмағұлұлы, «Оңтүстiк капитал» Ассоциациясының бас директоры.
- Сұлтанбеков Әдiлхан Ысқақұлы, «Шымкент-Дезинфекция» ЖШС-нiң директоры.
- Темiр Өмiрбек Темiрұлы, зейнеткер, отставкадағы судья, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесiнiң мүшесi.
Айта кетейiк, облыс орталығының «Құрметтi азаматы» атағын 95 азамат алған болатын. Қала әкімдігі мамандарының айтуынша, бұл атақ қаланың экономикалық-әлеуметтiк дамуына үлес қосқан азаматтарға қоғамдық ұйымдардың ұсынуымен, қалалық мәслихаттың шешiмiмен берiлiп келедi.