«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалған

Среда, 26 Октябрь 2016 07:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2947 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылымемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыруда олардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін арттыруға ерекше мән беріліп отыр. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Фронт-офистерді Брайль мәтініндегі ақпараттық тақталармен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, жақын арада көзі нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметтерін  1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік корпорацияның фрот-офистеріне бармай-ақ ала алады. Мобильдік топты шақыру үшін олар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары қажет. Мемлекеттік корпорация қызметкері оған 72 сағат ішінде  барады.Жыл басынан бері мобильдік топ 20 499 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 28619 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға сұраныс көп болды.

Мүгедектер үшін композиттік қызметтерді алу мүмкіндігі де қарастырылған. Мәселен, азамат мүгедектік тобын анықтау үшін комиссиядан өткенде, оның басқа еш жерге баруының қажеті жоқ. Оның құжаттары он-лайн  режимінде мемлекеттік корпорацияға беріледі, мұнда барлық жәрдемақы түрлерінің төлемі белгіленіп, оның төленуі де ұйымдастырылады. Бұл Әділет министрлігінің  ақпараттық жүйесі мен орталықтандырылған мүгедектік мәліметтер базасын ықпалдастырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Өтініш қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымы болмайды, ал жеке басын куәландыратын құжат жөніндегі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуітуралы мәліметтердіэлектрондық үкімет шлюзі арқылы жеке азаматтардың мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіненалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс істейтінін айта кеткеніміз жөн.

Қазақстанда 571 685 мүгедек тіркелген, оның 293 665-і - I жәнеII топтағы, 210 421-і –IIIтоптағы мүгедектер,  67 579-і - мүгедек балалар. Оларды әлеуметтік жағынан мемлекет қамтамасыз етіп отыр, жәрдемақалар мен әлеуметтік төлемдерді өз уақытында аудару мен төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Естеріңізге салсақ, 1993 жылғы маусым айындаҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мүгедектер күні белгіленген.Ол жыл сайын қазанның екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.