Елбасымен еңселенген елдік Избранное

Четверг, 01 Декабрь 2016 07:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3574 раз

56584b6348fdb

Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дербестігін жариялап, азаттығын алған жиырма бес жыл уақыт ішінде елімізді бүгінде барша әлем танып, мойындады. Сондықтан бұл – егемен елдігін орнықтырып, тәуелсіздігін тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, халықты біртұтас бірлікке шақырар тарихи тағылымы терең мейрам.
Біз биыл бұл күнді тарихи маңызы зор даталы үлкен мереке – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында тойлағалы отырмыз. 
Қазақстан өзінің егемендік тарихындағы осынау жылдар ішінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктерімен дараланып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда. Күні кеше қабылданған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясында атап көрсетілгеніндей, Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тегеурінді және дана басшылығымен әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысының байыпты және жемісті халықаралық бастамаларымен еліміз биік халықаралық беделге ие болып, ғаламдық ядролық қарусыздану қозғалысының танымал көшбасшысына айналды. Сондықтан Тұңғыш Президент күні – бұл біздің Елбасыға деген ерекше құрметіміз, оның жүргізіп отырған сарабдал, салиқалы саясатын, әлемдік дағдарыс дауылына қарамастан экономика саласында жасап жатқан реформаларын қызу қолдауымыз.
Елбасы біздің Оңтүстік өңіріне және облыс орталығына әркез ерекше ықылас танытып келеді. Президенттің қолдауымен Шымкент еліміздің үшінші мегаполисі ретінде өркендеп, көркейе түсуде. Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында еліміздің үшінші қаласын дамытудың нақты жобалары мен бағыттары жүзеге асырылуда.

 

Қадірлі жерлестер!

1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күнімен мемлекеттігіміздің тарихы тамырлас, Президенттік институттың қалыптасу кезеңі өзектес. Біздің басты мақсатымыз – Елбасының төңірегіне топтаса отырып, «Мәңгілік Елдің» құндылықтарын қастерлеу, келешек ұрпаққа басты байлығымыз – тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың туын биік ұстап, табыстау.
Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!

Ғабидолла 
ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ЕХРО-ға жолдама Мұрағат ел тарихының мұрагері »