Кәсіпкерлікті өркендетуге кедергі жоқ

Пятница, 14 Апрель 2017 11:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3955 раз

askarАсқар Абубакиров, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры:


– Мемлекет басшысы Қазақ-стан халқына арнаған Жолдауында еліміздің үшінші жаңару кезеңіне қадам басқанын айтты. Бұл кезеңде мемлекеттік өсіп-өркендеудің қай саласын алып қарасаңыз да кәсіпкерлікпен тығыз байланыста екенін түсінуге болады. Яғни, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын, денсаулығын жақсарту, жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудың барлығы дерлік белгілі бір кәсіп иелерінің қатысуымен шешіледі. Осы орайда Елбасымыздың «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады» дегенін еске салғым келеді.

2050 жылы кәсіпкерліктің ішкі үлесін 50%-ға қалай жеткіземіз? Ол үшін ең әуелі Президенттің жаңа технологияның мүмкіндіктерін меңгеру және құжаттарды электронды түрде рәсімдеу, қағазбастылықты азайту туралы бастамасын толық қолдаймын. Біздің өңірде бизнесті жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісі жиі ұйымдастырылып отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілгендіктен болар, балабақша ашуды кәсіп еткендердің тізімінде біздің облыс көш бастап тұр.

Сондай-ақ, Жолдауда «астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек» деді Мемлекет басшысы. Өңірімізге инвестиция тарту да кәсіпкерлікті дамытудағы оң істер. Жуырда ғана Түркия елімен келісім жасадық. Алдағы уақытқа жоспар құрып, бизнесті өркендетуді қалайтын, сол арқылы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік ахуалын гүлдендіруге өзіндік үлес қосуды парыз санайтын кәсіпкерлер қауымы Жолдауда айтылған келелі мәселелерді жүзеге асыруда аянып қалмайтынына нық сенімдімін.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.