Версия для печати

Жұмыс іздесеңіз...

Среда, 24 Май 2017 05:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5098 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еліміздің жұмыс күші көп Солтүстік өңірлеріне Оңтүстіктен қоныс аударуға ниет білдіргендер аз емес. Таяуда Шымкентке Павлодар облысы Екібастұз ауданының өкілдері келіп, бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бүгінде Солтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте Солтүстіктен келген жауапты сала жетекшілері Оңтүстік тұрғындарын бірлесе еңбек етуге шақырды. 

– Біздің Бестоған елдімекенінде екі шаруашылық егін салумен айналысады. Механизаторлар, малшылар, мектепке мұғалімдер қажет. Тіпті, электрик, мал дәрігері де тапшы. Осы ретте айтарым, мемлекеттен берілетін көмектен бөлек, шаруа қожалықтары еңбек ақысын тағайындайды. Қосымша үй-жай қарастырылады, – дейді Бестоған ауылының әкімі Жанат Ибраев. 

Айта кетерлігі, жұмыс іздеп барған азаматтар жүз пайыз жұмыспен қамтылады, сондай-ақ тұрғынүймен қамтамасыз етіледі. Еске сала кетсек, былтыр Оңтүстіктен 146 отбасы өңір басшыларының өзара келісімі бойынша Солтүстіктің төрт аумағына қоныс аударып, баспаналы болған. Олардың басым бөлігі қазір ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.