«Біз біргеміз!». Шымкентте осындай атаумен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құруға арналған акция өткізілді.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2 жұмысшы топ құрылып, 5 көшені, атап айтқанда Т.Рысқұлов, А.Байтұрсынов, Ж.Тәшенов, Бәйдібек би, М.Х.Дулати көшелеріне рейд жүргізілді.
– Шараны ұйымдастырудағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғам өміріне тең құқылы мүше ретінде қатысу жолындағы кедергілерді жою. Осыған орай, қазіргі таңда 5 көшедегі кәсіпкерлік нысандардың басшыларымен акция аясында меморандумға тұру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – деді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараев.
Айта кетейік, былтыр Әл-Фараби ауданы әкімдігі 127 кәсіпкермен меморандумға тұрып, 272 нысанға пандустар мен негізгі 25 көшенің қиылысына дыбыс сигналдарын орнатқан.