Мемлекеттік тіл - ел мәртебесі

Понедельник, 12 Июнь 2017 10:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3309 раз

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі. Ол – қоғамның ең қажетті қатынас құралы.Бүгінде   мемлекеттік тіл қолданысы аясы кеңейіп  келеді.

Қазақстан  Республикасының  Тіл туралы Заңы  1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Заңның 4 бабында:  «Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл –қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» – деп атап көрсетілген.

Тіл туралы Заң қабылданғаннан бері, оны жүзеге асыру үшін  Үкімет бірқатар қаулылар қабылдады. Соның бірі – 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттік органда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту».  Сонымен қатар, тілдерді дамыту мен қолданудың  да мемлекеттік бағдарламасы бар.

  Бүгінде мемлекеттік органдар жүйесінде Мемлекеттік тіл - қазақ тілін қолдану мен оның талап етілуі де күннен-күнге артып келеді.Бұл қуанарлық әрі құптарлық жәйт. Бұл ретте Мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру мен оның қолданылу аясын кеңейтуді үнемі назарда ұстап отырудың маңызы зор. Біздің ана–тіліміздің тұғырының мықты болуы әрбір қазақстандықтың міндеті.

  Осы орайда, заңдылықты қадағалау саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге аудандық әділет басқармасының назарынан тыс қалмағанын атап өтуге болады.

 

Айкерим АБДУЛЛАЕВА,
 Абай аудандық әділет басқармасының бас маманы

Последнее изменение Понедельник, 12 Июнь 2017 11:32
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «Менің екінші отбасым» Хабарландыру »