×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жылу маусымына дайындық жүргізілуде

Пятница, 14 Июль 2017 05:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4097 раз

jylu-mausymyna-daindyk-55 1

Бүгінде Шымкент қаласындағы 1800 көпқабатты тұрғын үйдің 376-сы, яғни, 20 пайызы ғана қысқы жылу маусымына дайын. Бұл жөнінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжілісте жылу маусымына дайындық жұмыстары бойынша баяндама жасаған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов мәлім етті.

Сала басшысының айтуынша, қазіргі таңда қала аумағын жылумен қамтып отырған 7 жылу көзі бар. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде бүгінде жалпы ұзындығы 411,7 шақырымды құрайтын жылу құбырлары толығымен жаңартылуда. Бұл үшін 650 миллион теңге қаржы инвестиция тартылған. Әзірге, күні бүгінге дейін межеленген жұмыстардың 27 пайызы орындалыпты.
– Қазіргі таңда құбырларды жаңарту жұмыстары Байтұрсынов көшесінде жүргізіліп жатыр. Ондағы 5,2 шақырымды құрайтын қашықтықтың қазір 1,6 шақырымы аяқталған. Жұмыстар қыркүйек айына дейін толығымен тапсырылады, – дейді Нұрлан Қарабалаұлы.

jylu-mausymyna-daindyk-55 2

Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, мәжілісте қаланың абаттандыру, көркейту бағытындағы жұмыстары талданды. Сала жетекшісінің айтуынша, бұл бағытта Шымкент қаласының жалпы көлемі 16,8 мың гектарды құрайтын жасыл белдеуі тұрғындарды саялы жан рахатына бөлейтін көрікті мекендерге айналмақ. Яғни, қараусыз қалған шатқалдар көгалдандырылып, онда инфрақұрылым жұмыстары жүргізіледі, субұрқақтар, аяқжолдар, басқа да халыққа қызмет көрсету нысандарының қатары артады.
Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 454 шақырымды құрайтын қала көшелерінде тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сала басшысы бұл ретте, жергілікті тұрғындардың арыз-шағымына орай, жұмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар міндеттердің нақтыланып отырғанын жеткізді.
Өз кезегінде, сала қызметіне көңілі толмайтынын білдірген қала әкімі
Ғ. Әбдірахымов әсіресе, бұрынғы қоқыс полигондарының орнын көгалдандыру жұмыстары кемшін түсіп отырғанын, мазараттардың қараусыз қалып жатқанын, сондай-ақ, үй жануарларын күтіп-ұстаудағы тұрғындардың бей-берекет әрекетін сынға алды.
– Көше бойына қандай да бір үй жануарын бақылаусыз қоя беретін тұрғындар үшін тәртіп пен жаза түрін қатаңдату қажет, – деді Ғ. Рахматоллаұлы.

– Бұл шараға жергілікті полиция қызметі, қалалық ветеринария бөлімінің мамандары белсенді қатысуы тиіс. Ең алдымен, еліміздің өзге қалаларында бар тәжірибені, тіпті болмаса, өркениетті елдердің бұл саладағы тәжірибесін зерделеген жөн.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.