Шымкентте трансформатор зауыты салынуда Избранное

Среда, 19 Июль 2017 04:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5595 раз

ОҚО-дағы «Asia Trafo» ЖШС-і қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алмақ. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

transformator-zauyty-56

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан құрылыс жобасының барысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Бұл кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылуда. Жоба құны – 17,5 млрд теңге. Зауыт жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы.
– Алдағы жылы зауыт іске қосылса, 220 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ең бастысы, қазіргі таңда кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беруге болады. Сондықтан жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп, зауытты ертерек іске қосуға мән берген жөн, – деді Ж. Түймебаев.
Шымкент – тоғыз жолдың торабындағы қала. Зауыт іске қосылса дайын өнімдерді тасымалдау мәселесі де қиынға түспейді. Айта кетерлігі, «Asia Trafo» ЖШС өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын қанағаттандырады деп жоспарлануда. Сонымен қатар зауыт өз өнімдерінің 50 пайызын ТМД елдеріне экспорттамақ. Зауытта «High volt», «Knutch» (Германия), «Tuboly astronic», «Mika fluit» (Швейцария), «Hikon» (Хорватия) және басқа (Түркия, Қытай) фирмаларының жабдықтарын қолданатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ФАБРИКАДАҒЫ БІР КҮН 30 348 жұмыс орны ашылған »