×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Оңтүстік жастары көрікті мекендерді насихаттамақ

Среда, 19 Июль 2017 05:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5247 раз

ontustik-jastary-56 1

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен «Өлкетану» жобасы аясында жастар арасында өңірдің көрікті жерлері насихатталып, туристік қызметті пайдаланудың мүмкіндіктері сараланбақ. Осы бағытта, Бәйдібек ауданы Алмалы ауыл округіне қарасты «Болашақ» лагерінде «Оңтүстіктің өнерлі өрендері» атты үш күндік жазғы семинар лагері ұйымдастырылды.

Ауыл жастарының қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру, дарын иелерін қолдау және оларды ынталандыру ісі аталмыш жоба аясында жүзеге аспақ. Үш күн бойы «Болашақ» жазғы лагерінде түрлі тақырыптағы семинарларға қатысқан жас өрендер «Сырдария қорығы» демалыс паркінің аймағында саяхат жасауға да мүмкіндік алды. Өзара топ-топқа бөліне отырып, түрлі мәдени-спорттық сайыстар ұйымдастырды.
– Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен өтіп отырған бүгінгі шараға негізінен, өңірдің барлық аудан-қалаларынан келген 200-ге таяу жас қамтылды, – дейді басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова.
Өнерге бейім, қоғамда көшбасшы болуға қабілетті семинарға қатысушы жастардың қатарында көптеген өзге ұлт өкілдері, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Мұндағы біздің мақсатымыз – мүддесі ортақ елжанды жастарды шынайы патриотизмге тәрбиелеу, өңірдің осынау әсем табиғатын баршаға таныстыру, ауыл жастарының қоғамдық істерге белсенділігін арттыру.

ontustik-jastary-56 2

Өзара алты топқа бөлінген жас өрендер түрлі сайыстар бойынша сынға түсті. Ән де айтылды, би билеп, сахналық қойылымдарын да орындады. Бір-біріне бауыр басып, дос тауып үлгерді. Лагерьдің өзіндік бір ерекшелігі, өзге ұлт өкілдері үшін дастархан мәзірінде қазақтың ұлттық тағамдары – көже, бауырсақ, құрт, ірімшік, сары майы ұсынылды.
– Алдағы уақытта осынау ауқымды жоба өңірдің барлық аудан-қалаларын түгел қамтымақ. Яғни, Бәйдібек ауданынан бастау алған жоба эстафетасы келесі кезекте Шардара ауданында жалғасын табатын болады. Бұл жолғы шараға қатысуға ниетті жастар қолөнершілер мен қылқалам шеберлері, дәстүрлі әншілер, айтыскер ақындар және жазба ақындар бағыты бойынша іріктеліп алынды, – дейді облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Береке Дүйсебеков.
Білікті мамандардан дәріс алып, қабілетін шыңдаған жастардың ендігі мақсаты айқын. Ол – бар қабілетін жүзеге асырып, қоғамның дамуына
қалтқысыз қызмет ету. Үш күнге созылған топтық сайыстарда бірлесе жұмыс істей білген жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімін арнайы құрылған әділқазылар анықтады.