×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Пәтер иелерінің кооперативтері құрылады

Пятница, 21 Июль 2017 11:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4916 раз

Алдағы күзде Шымкент қаласы мегаполиске айналмақ. Осы орайда шаһардың даму жоспары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына аса мән беріліп отыр. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қала орталығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және тұрғындар мен қонақтарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасау, санитарлық ахуалын жақсарту басты назарға алынған болатын.

pater-ieler-57

Аталған тапсырмалардың орындалу барысы облыс әкімдігінде өткен жиында тағы бір пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Облыс әкімінің Шымкент қаласының әрі қарай дамуын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым баяндады.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үй қорын күтіп ұстау, үй тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау өзекті мәселелердің бірі. Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің басым көпшілігі 1930-1990 жылдар аралығында пайдалануға берілуіне байланысты олардың тозу деңгейі жоғары болып отыр. Басқарма басшысы көпқабатты үйлерді кондоминиум ретінде тіркеу, басқару органын құру, күтіп ұстау, сақтау жағдайын сөз етті.

– Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Шымкент қаласында биыл 67 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қала әкімдігі тарапынан 21 үйдің жобалау сметалық құжаттамасы дайындалып, облыстық бюджеттен 229,6 млн. теңге қарастырылды, – деді Марғұлан Марайым.
Басқарма басшысы Шымкент қаласы бойынша 1992 көпқабатты тұрғын үйдің 293-ін әділет органдарына тіркеуді қадағалап, ұйымдастыру жұмыстарын басшылыққа алуды ұсынды.
– Көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау мақсатында пәтер иелерінің келісімімен кондоминиум объектісінің басқару органы немесе пәтер иелерінің кооперативтері құрылуы қажет. Бүгінгі күнге 1120 үйге 17 басқарушы компания қызмет көрсетуде. Бұл әлі де аз. Сондықтан осы саладағы жұмыстарды жандандыру керек. Сондай-ақ қаланың қысқы жылыту маусымына даярлығына әзірден бастап кіріскен абзал, – деді облыс әкімі Ж. Түймебаев.
Жиын барысында тұрғын үй, санитарлық тазалық, көріктендіру, табиғи газ пайдалану, сапалы электр энергиясы, ауыз су, жылумен қамтамасыз етудегі жұмыстардың барысы да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғын үйлерді күтіп ұстау үшін сервистік және басқару компанияларын құру жайы да сөз болды. Жыл басында қалада бар жоғы 9 сервистік компания болса, бүгінгі күнге олардың саны 17-ге жетіп, 1120 көпқабатты тұрғын үйді қамтып отыр.