Шілденің 29-на дейін күн ыстық болады Избранное

Среда, 26 Июль 2017 03:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4332 раз

Алдағы күндері Оңтүстік- Батыстан келетін құрғақ, жылы ағымдардың әсерінен Шымкентте күн қызуы 40 градустан асады.

DSC 7243

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ОҚО бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Жанат Жәрменова мәлімдеді.

– Жылы ағымдардың әсерінен 29 шілдеге дейін күн қызуы Оңтүстік Қазақстан облысында түнгі уақытта 23-28, ал күндіз 37-42, кей жерлерде 45 градусқа дейін көтерілуі күтілуде. Бұл аптада ауа райы жауын-шашынсыз, құрғақ болады, – дейді Ж. Жәрменова.

Синоптиктің айтуынша, шілденің аптап ыстығы 29-ынан кейін басылып, ауа температурасы аздап салқындайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.