Тоғыз қылмыстық топ құрықталды Избранное

Пятница, 28 Июль 2017 05:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3064 раз

Шымкент полицейлері 46 пәтердің тоналуына қатысы бар тоғыз қылмыстық топты ұстады. Олар азаматтардың жазғы уақыттағы демалысын пайдаланып, пәтер ұрлығымен айналысқан. Автомобиль бөлшектерін шешіп, көлік ішіндегі заттарды жымқырып кетіп отырған.


ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оңай олжаға дәніккендер Шымкент полицейлері жүргізген «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу шарасы кезінде әшкере болды. Нәтижесінде 73 қылмыстың беті ашылды. Ұрылар осы кезге дейін 46 пәтерді тінтіп, қолға ілінген бағалы бұйымдарды өз қажеттеріне сатып отырған. Аталған жайттар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық», 190-шы бабы - «Алаяқтық», 191-ші бабы - «Тонау» деректерімен қылмыстық іс қозғалған. Айта кетейік, қылмыстық топ мүшелерінің ішінде Қызылорда мен Тараз қаласының тұрғындары бар. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда. 

Қала аумағында бөтеннің мүлкін ұрлау 12,5 пайызға кемігенімен, полицейлер тұрғындардың сақтық шараларына бекем болу қажеттігін ескертеді. Мүлкі ұрланғандар «102» нөмірі бойынша полицияға жедел хабар бергені жөн. Бұл қылмыстың ізін суытпай ашуда көмегін тигізеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Похожие материалы (по тегу)