Ата Заңым – айбыным

Вторник, 29 Август 2017 05:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 386 раз

akimi

Қымбатты шымкенттіктер! Қадірлі қонақтар!

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – біздің еліміз үшін ең ұлық мерекелердің бірі. Биыл еліміздің Конституциясының қабылданғанына – 22 жыл толды. Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз, мемлекеттігімізді нығайту жолында ауқымды істер атқарып, алдымызға айқын мақсат қойдық. Мемлекет басшысының – жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты және Бес институттық реформасы Ата Заңымыздың аясында жүзеге асатын жүйелі жобалар. 

Ата Заң қабылданған 22 жыл ішінде Шымкенттің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік дамуында тың серпілістер орын алды. Халық саны өсіп, еңбек өнімділігі артты. Құқықтық қоғамдық пікір қалыптасты. 

Қазіргі Шымкент жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді. Таяу уақытта біз миллионды қалаға айналмақпыз. Экономикалық белсенділік артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Бұның бәрі, Бас Құжатымыз – Ата Заңның аясында жасалып жатқан игі істер. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Шымкент Алматы мен Астанадан кейін мегаполис атағы бар Қазақстандағы үшінші қалаға айналатын болады» дегені, біз үшін үлкен абырой ғана емес, сондай-ақ әрбірімізге жүктеліп отырған үлкен жауапкершілік. Президентіміздің осы сенімі әлеуметтік және мәдени деңгейімізді арттырады. Соның нәтижесінде әрбір қала тұрғындарының өмір сапасы артады деп ойлаймыз.

Құрметті қала тұрғындары!

Конституция – Тәуелсіз елдің қоғамдық қағидасын бекітті, демократия дамуына импульс берді, азаматтық бейбітшілік пен келісімді ұзартты. Елдегі ұлт пен ұлыстың бірлігін нығайтты. Бүгінде, Шымкентте 130-дан астам әр түрлі ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. Олар әр түрлі салада қаланың дамуына, мегаполис атануына ерекше үлес қосып жүр. 

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз және алдағы уақытта Шымкентімізді Қазақстандағы үшінші мегаполиске жеткізу үшін аянбай еңбек етейік.

Қала әкімі
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ

Қалалық мәслихат хатшысы
Нұрлан БЕКНАЗАРОВ

Последнее изменение Вторник, 29 Август 2017 09:32
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.