Әлия БИБОЛОВА: «Өркениет көшіне ілесуге мүмкіндік»

Пятница, 15 Сентябрь 2017 07:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 192 раз

Әлия БИБОЛОВА,
«Қоғамдық сананы жаңғырту» облыстық жобалық кеңсенің бас менеджері:

alia-73

– Жаңа жобаға қатысты пікірімізді ортаға салып, толықтырар тұстарын нақтылауға уақыт бар. Осыған орай, енгізгелі тұрған латын қарпі қазақ тілінің үндестігіне сай, әуезділігін сақтаған және тілдік заңдылықтарға сүйене жасалғаны жөн. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге байланысты, уақыт ұттырмай, қазірден бастап, сапалы да, қарқынды жұмыстарды жүргізуіміз қажет. Латын әліпбиі қазақ жазуына ыңғайлы, түсінікті болу жолдарын қарастырып, ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасау жас буын, жұртшылық үшін өте тиімді болмақ. Мұндай ауқымды жұмысты бастау үшін қажетті дайындық жұмыстарына кірісіп, жаңа жаһандық үрдістерге, заман ағымына саналы түрде бейім болғанымыз дұрыс.

Последнее изменение Пятница, 15 Сентябрь 2017 08:23
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.