Версия для печати

Марат ТАМАБАЕВ: «Ғылымды өркендетуге жол ашады»

Пятница, 15 Сентябрь 2017 08:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3269 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

tamabaev

Марат ТАМАБАЕВ,  қалалық мәслихаттың  депутаты:

– Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі өте жоғары. Бүгінде 30 жастан жоғары қарай шет тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгерген азаматтарымыз тым аз. Ал ағылшын тілі әлемнің дамыған елдерінің бәрінде қолданылады. Сондай-ақ, күнделікті қолданысқа енген жаңа технология, тұрмыстық техника, гаджет атаулының бәрінде ағылшын терминологиясы қолданылады. Әсіресе, медицина саласы толығымен латын әліпбиінде жазылады әрі біз ол сөздерді қолданып та жүрміз.

Егер латын әліпбиіне көшсек, біздің көзіміз жаңа әріпке бейімделіп, ағылшынша оқуға көзіміз үйренеді. Кей терминдерді оңай түсініп, жаттап алуға да мүмкіндік мол.
Бүгінде ғаламтордан тек қазақ және орыс тілінде ақпарат оқысақ, ағылшынша үйрену арқылы біз жаңа бағытқа бет бұрамыз. Тікелей Еуропа жаңалықтарын оқып, ғылымын үйренеміз.

Последнее изменение Пятница, 15 Сентябрь 2017 08:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.