Алмас СЫЗДЫҚБЕКОВ: «Бизнестегі әріптестік пен ықпалдастық артады»

Пятница, 15 Сентябрь 2017 08:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 737 раз

latyn-73-2

Алмас СЫЗДЫҚБЕКОВ, жас кәсіпкер:

– Латын әліпбиіне көшу –  кәсіпкерлер үшін де өте тиімді болмақ. Қазіргі таңда еліміздің Еуропа елдерімен алыс-берістігі дамып келеді Сол себепті бұл өзгерістердің болашақта бизнес үшін қосар үлесі мол.

Қазір өзім туризм саласында кәсіп бастадым. Мақсатым – елдің туристік әлеуетін жақсарту. Бұл орайда шетелдіктерді елге шақыруға көңіл бөлуіміз керек. Жалпы, жер жүзінің басым бөлігі латын әріптерін оқи алатыны мәлім. Бұл әліпбиге көшер болсақ, шетелдің азаматтарына аз да болса қазақ тілін оқып үйрену оңайға түсер еді.

Латын әліпбиі білім-ғылымға жол ашады. Ендігі кезекте замандастарымның шет тілін үйренуге, бір кәсіпті дөңгелетуге ұмтылысы артады деп сенемін.

Последнее изменение Пятница, 15 Сентябрь 2017 08:52
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.