Шымкентте жат ағымды насихаттаған қылмыстық топ құрықталды

Вторник, 19 Сентябрь 2017 13:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4125 раз
20170210175143qqБүгін Шымкенттегі «Гарант» дүкені аумағында арнайы жасақ қызметкерлері деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
 
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы таратқан мәлімет бойынша, таңертең «Гарант» дүкені аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шарасын өткізген.
 
Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп келіпті. Сондай-ақ ұялы телефондарға экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған.
 
Қазіргі таңда ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Последнее изменение Вторник, 19 Сентябрь 2017 13:44
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.